Ғалым кімдердің басынан тылсым жағдайдың өтетінін атады
Ғалым кімдердің басынан тылсым жағдайдың өтетінін атады
4 жыл бұрын 13234 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Әдетте «керемет» дегенде, мұндай жағдай көбіне дінде тыйым салынған нәрселерден бойын аулақ ұстайтын, барға сабыр, жоққа қанағат танытатын тақуа адамдардың басынан өткеретіні туралы айтылып атады. Әлбетте, мұны ешкім жоққа шығарайын деп отырған жоқ. Десе де онсыз да өзіңнің бар екеніңді сезінудің өзі Жаратушыға ишара ететін мына ғаламның сырларынан бөлек қатардағы қарапайым адамдардың арасында кейбіреулері тылсымға толы көрініске немесе оқиғаға куә болып жатады. Бұл бағытта арнайы жүргізілген зерттеу нәтижесі көрсеткендей, бір қызығы, жоғарыда біз айтқан діндарлар емес, көбіне мұндай тылсым жайтқа сынақ астында жүрген, дәлірегі, саяси немесе экономикалық қиындықтан қандай да бір қиын жағдайға тап болған, тығырыққа тірелген адамдардың басында болып жатады. Ғалымосындай гипотезаны алға тартып отыр. Эда Эшлер есімді философия докторының осы төңіректегі зерттеуі Латын Америкасында орын тепкен 16 елде жүргізілген сауалнама нәтижесіне негізделген. Барлығы 15400 жауап сарапталған екен. Бұл арада мынаны ескерте кеткіміз келеді: ғалым «кереметке» тылсым жайттар араласқан оқиғаларды жатқызып отыр. «Ауқатта адамдар мен білімді жандар мұндай жайттардың ғылыми, рационалды түсіндірмесіне ден қояды деген қоғамда қалыптасқан пікір бар. Алайда, оны ең алдымен білім мен байлыққа жеткізетін қауіпсіздік мәселесімен бірге қарастыратынын айта кеткен жөн»,- деді Эда Эшлер. Автордың айтуынша, әдетте қарны тоқ, көйлегі көк, уайымы жоқ адамдар аштыққа, ауруға, т.б. ұшыраған адамдарға қарағанда тылсым нәрсеге бас ауыртпайды. Осы себепті, Эда Эшлер кедей-кепшігі көп Латын америкасын таңдап алады. Өзінің зерттеуі үшін. Алғашқы мәліметтер көрсеткендей, респонденттердің 57%-ы кереметті басынан өткергенін жеткізген. Артынан ғалым білімнің ғажайыпқа еш қатысы жоғына көз жеткізген екен. Ал үшінші жаңалығында табыстың кереметтің болуы ықтималдығына әсер етпейтініне көз жеткізген. «Қандай да бір ресми білімі жоқ респонденттер жоғары білімі барлар секілді кереметті басынан кешкен»,- дей келе Латын Америкасындағы білім беру инфрақұрылымының сын көтермейтіндігін тілге тиек еткен екен. Оның келтірген дерегіне қарағанда, АҚШ тұрғындарының 90%-дан астамының жоғары білімі бар, ал Латын Америкасында бұл көрсеткіш 40%-дан аспайды. Мұндай айырмашылық өз кезегінде кереметтің аталған екі категориядағы адамдарға қаншалықты қатысы барын білуге мүмкіндік бермек. Эда Эшлер мұнымен ғана шектеліп қалмай, кереметті басынан өткерген адамдардың орташа статистикалық бейнесін жасауға талпынған екен.

0 пікір
Мұрағат