Депрессия дерті жұқпалы болып шықты
Депрессия дерті жұқпалы болып шықты
4 жыл бұрын 3416 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Адам герпесінің бір түрін зерделеген жапон ғалымдары осындай тұжырымға келіп отыр.

Күйзеліс (депрессия) постиндустриялық кезеңде кеңінен етек алған дерт. Күйзелістен зардап шегетіндер қарасы дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өткен жылғы мәліметі бойынша 350 млн адамға жеткен. 2025 жылы аталмыш дерттен зардап шегетіндер қарасы семіздік пен сусамыр ауруларынан кейінгі орынға шығады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы күйзелісті де семіздік секілді індет екенін алға тартып отыр. Күйзелістің түрлері де, себептері көп. Бұл енді өз алдына бөлек тақырып. Сонымен, суицид бойынша әлемде көш бастаған күншығыс елі ғалымдары бұл салада жатпай-тұрмай ізденіп, депрессия дертінің де жұқпалы екеніне көз жеткізген. Дәлірегі, адамның герпес вирусын зерделей келе депрессияның герпес вирусының алтыншы түрінде кездесетін SITH-1 генінен пайда болатын вирустық ауру екенін анықтай алды. Аталмыш герпестің ерекшелігі адамдардың барлығында кездесетіндегінде жатыр. Қан құрамындағы вирус стресс алғанда, шаршаған кезде концентрациясын арттырып, адамның сілекейіне өтеді. Содан соң мұрын қуысы арқылы миға еніп, иіс сезу баданасына жұққаннан кейін қайтадан «ұйқыға» кетеді. Ғалымдар SITH-1 генінің SITH-1 протеинін істеп шығарады. Аталған протеин өз кезегінде жасушаға кальций элементін бағыттайды. Бағыттап қоймай, оны үсті-үстіне арттырып, жасушаны жояды. Бұл протеин күйзелістен зардап шегетін науқастардың 80 пайызының бойынан табылған болатын. Ал SITH-1 протеині күйзелістің даму қатерін 12 есе арттырады. «Иіс сезу баданасы мида маңызды рөл атқарады – ол эмоциямен байланысты екенін айта кету керек. Иіс сезу баданасының жасушасы жойылғанда бұл жайт эмоцияға сөзсіз әсер етеді. Мәселе, адам мұндай жағдайда стресс алуы мүмкін. Стресс – сыртқы қоздырғышқа (факторларға) қарсы организм реакциясы. Бұл мидың реакциясы. Стрестік жағдайға мидың реакциясынан адам күйзеліске бой алдырады. Осылардың барлығы аталмыш протеиннің кесірінен болып жатады. Күйзеліске бой алдырған адамның бойында антител концентрациясы сау адамға қарағанда жоғары болады. Сау адамда аталмыш протеинге антител құрамы шамамен 2-4  деңгейінде болса, күйзеліске бой алдырған адамда бұл көрсеткіш 20-дан асып кетеді. Дзикэй университетінің профессоры Кадзухиро Кондо осылай деп отыр. Қан құрамында аталған протеиннің бар-жоғын жасушаға кальцидің шектен тыс жиналуына апарып соқтыратын  SITH-1 протеині мен CAML протеині қосындысының пайда болуына жауап ретінде пайда болатын өзіндік ерекшелігі бар антител арқылы анықтауға болады. 

0 пікір
Мұрағат