Аккумуляторлы батареямен жүретін алғашқы пойыз жасалды (видео)
Аккумуляторлы батареямен жүретін алғашқы пойыз жасалды (видео)
3 жыл бұрын 1255 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Жүк пойыздарын құрастыратын Wabtec компаниясы Карнеги-Меллон университетінің мамандарымен біріге отырып, әлемде тұңғыш рет аккумулятормен жүретін пойыз шығарды. Wabtec өкілінің мәлімдеуінше, өздері құрастырған электрмен жүретін пойыз өз кезегінде көмірмен жүретін пойыздан атмосфераға бөлінетін көміртегін азайтуға мүмкіндік бермек. Бұл жайында islam.kz порталы Interesting Engineering ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Локомотивтің электрлік трансмиссиясы аккумулятордан қуат алу жүйесімен жабдықталған әрі атмосфераға бөлінетін көміртек мөлшерін азайтып қоймайғ сонымен қатар, әдеттегі дизелді қозғалтқыш үшін отынға кететін шығынды 11%-ға кемітеді. FLXdrive деген атау берілген жаңа пойыз Калифорнияда 2021 жылдың бас кезінде сынақтан сәтті өтті: Барстоу мен Стоктон арасында 21 мың шақырымды үш айда жүріп өтті. Пойыздың салмағы 195 тонна тартады, ол 18 мың литилі-иондық аккумулятор элементтерінің көмегімен жұмыс істейді және 4,4 мың аттың күшіне дейінгі жылдамдықпен жүре алады. Пойыздың энергия сыйымдылығы сағатына 2,4 мегаватт – рекуперативті тежегіштің көмегімен қуатталады. Пойызда жасанды зердемен жұмыс істейтін круиз баұылау жүйесі қолданылады. Wabtec компаниясының технология жөніндегі директоры Эрик Гебхардтың айтуынша, электрпойыздың аккумуляторлық қуаты әлемге әйгілі Tesla автокөлігінің 100 данасының қуатына тең. Wabtec компаниясы, сонымен қатар, аккумулятормен жұмыс істейтін 7-мегаваттық екінші буын пойызын құрастыратыны туралы хабарлады әрі оның отын шығыны мен атмосфераға көміртегінің бөліну деңгейін 30%-ға дейін төмендетуі мүмкін деп мәлімдеді.

 

0 пікір
Мұрағат