Биологтер организм ішінде дәрі өндіретін «фабрика» ойлап тапты
Биологтер организм ішінде дәрі өндіретін «фабрика» ойлап тапты
4 жыл бұрын 3157 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Бірінші дәрежелі сусамыр секілді дертке шалдыққан науқастар организмнің қалыпты жұмыс істеуіне қолдау көрсетуі үшін инсулинді ұдайы ине шаншу арқылы қабылдауға тура келеді. Бұл қауіпті әрі науқастың жанына бататын процесс. Қауіпті болатыны – инемен шаншыған кезде организмге адам денсаулығына қатер төндіретін бактерия еніп кетуі мүмкін. Яғни, ауру үстіне ауру жамап алу қатері жоғары. Осындай факторларды ескерген Массачусет технологиялық институтының ғалымдары адамның иммундық жүйесін шектеу шарасын айналып өтуге мүмкіндік беретін имплантталатын жасушаның жаңа түрін жасады. Сусамырлар басындағы проблемасына қатысты сенімді шешім ретінде ұйқы безінің астындағы жасушаларды трансплантациялау алға шығады. Алайда, оның өз кем-кетігі бар, дәлірегі, оны иммундық жүйе бұғаттап тастайды. Бұл тығырықтан шығу үшін иммундық жүйені басып тастауға тура келеді. Ал бұл жайт өз кезегінде адам денсаулығына аса қауіпті инфекциялық аурулардың организмге емін-еркін енуіне жол ашуы мүмкін. Иммундық жүйені басып тастаудың кесірінен. Осындай оң тұстары мен кері әсерін сараптай келе аталмыш жоғарғы оқу орнының ғалымдары науқастың денесінде тура мағынасында дәрі өндіруге қабілетті мембранамен ұштастырып, кремния негізінде эластомерден қабықша жасады. Бұл бағытта тышқанға тәжірибе жүргізілген болатын. Қорғаушы капсула тышқанның қан құрамындағы глюкозаның сау деңгейін он апта бойы ұстап тұрған. Келесі тәжірибе эритроцитті істеп шығаруды басқаратын EPO — гормонды шығаратын ұрықтың бүйрек жасушасына қатысты жүргізілген екен. Қорғаушы қабықшадағы жасушаларды трансплантациялағаннан кейін тышқанның организімінде 19 апта болып, қан құрамындағы эритроцит мөлшерін арттырған екен. Қорғаушы қабықшаны жұмыс істеу принципі мембрандағы пор мөлшерінің оттегі мен инсулиннің, өзге де қоректік заттардың организмге еркін енуіне негізделген. Алайда, бұл жерде мембранадағы пор иммундық жасушаны ішке енгізбейді. Аталмыш тәжірибеде келесі қадам жасушаның қорғаушы қабықшасындағы арнайы химиялық қосынды көмегімен жекелеген ақуыздарды қашықтан іске қосуға бпайланысты жүргізілді. Зерттеу авторларының айтуынша, бұл организмнің қажеттілігіне қарай адам ішінде дәрі өндіретін нағыз фабриканы жасауға мүмкіндік береді.

Капсулы с лекарствами

0 пікір
Мұрағат