Бидай өнімін арттыратын ген табылды
Бидай өнімін арттыратын ген табылды
3 жыл бұрын 2293 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Қытай ғалымдары өсімдіктің құрғақшылыққа төзімділігін әрі азотты пайдалану тиімділігін арттыру есебінен бидай түсімін арттыратын генді тапты. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Қытайдың ауыл шаруашылық академиясына (CAAS) жөн слтеген Синхуа агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. CAAS өкілі Ма Йоушидің айтуынша, жаһандық жылынуға байланысты қалыпты құбылысқа айналып келе жатқан құрғақшылық пен бағалы тыңайтқыш – азот тапшылығы әлемдік бидай астығының түсімін кемітетін негізгі факторлар. Осылай деген ол құрғақшылыққа төзімділікті және қоректік заттарды пайдалану тиімділігін генетикалық тұрғыдан арттыру өз кезегінде жаһандық жылынудың қарқын алуы мен табиғи ресурстардың таусылуға жақын қалуына байланысты суы тапшы және топырақ құнарлылығы төмен аймақтарда бидайдың тұрақты өсуін қамтамасыз етеді.CAAS ғалымдары бұл тарапта стреске төзімді соя сортынан DREB тәрізді транскрипция факторын кодтайтын GmTDN1 генін клондап, оны екі заманауи күздік бидай сорттарына енгізді. Бидай сорттарының құрғақшылық пен азотқа төзімділігіің айтарлықтай артқанын көрсетті. Таяуда Plant Biotechnology Journal мерзімді басылымында жарияланған зерттеу нәтижесі көрсеткендей, құрғақшылыққа төзімділік пен дәнді дақылдардағы азот тиімділігін арттыру арқылы жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне ықпал етуге болады.

Ұқсас материалдар: 

"Ақузы көп бидай өсірудің жолы табылды. Бұл ГМО емес" (https://islam.kz/kk/news/gylym/aquzy-kop-bidai-osirudin-joly-tabyldy-bul-gmo-emes-16787/#gsc.tab=0);

"Ғалымдар 2050-ші жылдары 9 млрд адамзатты асыраудың жолын тапты" (https://islam.kz/kk/news/gylym/galymdar-2050-shi-jyldary-9-mlrd-adamzatty-asyraudyn-jolyn-tapty-16762/#gsc.tab=0);

«Ғалымдар фотосинтез жылдамдығын арттыру арқылы астықтың түсімін ұлғайтпақ» (https://islam.kz/kk/news/gylym/galymdar-fotosintez-jyldamdygyn-arttyru-arqyly-astyqtyn-tusimin-ulgaitpaq-13994/#gsc.tab=0);

«Құрғақшылыққа төзімді ету үшін өсімдіктердің метаболизмін өзгертпек» (https://www.islam.kz/kk/news/gylym/qurgaqshylyqqa-tozimdi-etu-ushin-osimdikterdin-metabolizmin-ozgertpek-14307/#gsc.tab=0);

«Өсімдіктің суды үнемдеуіне мүмкіндік беретін тың тәсіл табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/osimdiktin-sudy-unemdeuine-mumkindik-beretin-tyn-tasil-tabyldy-15051/#gsc.tab=0);

«Өсімдіктірдің аптап ыстыққа төтеп беруіне көмектесетін бактерия табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/osimdiktirdin-aptap-ystyqqa-totep-beruine-komektesetin-bakteriya-tabyldy-15017/#gsc.tab=0);

«Аптап ыстыққа төзімді бидай шығарылды» (https://islam.kz/kk/news/madeniet/aptap-ystyqqa-tozimdi-bidai-shygaryldy-13540/#gsc.tab=0); 

«Бидайдан гөрі жаһандық жылынуға төтеп беретін астықты өсімдік» (https://islam.kz/kk/news/gylym/bidaidan-gori-jahandyq-jylynuga-totep-beretin-astyqty-osimdik-14713/#gsc.tab=0);

«Астықты өсімдіктер құрамында у көбейіп келеді» (https://islam.kz/kk/news/arturli/astyqty-osimdikter-quramynda-u-kobeiip-keledi-12755/#gsc.tab=0);

«Климат өзгерісінен өсімдік әлемі қауіпті эволюциялық өзгеріске ұшырай бастады» (https://islam.kz/kk/news/arturli/klimat-ozgerisinen-osimdik-alemi-qauipti-evolyutsiyalyq-ozgeriske-ushyrai-bastady-16400/#gsc.tab=0);

«Климат өзгерісі Орта Азия мен Қазақстандағы өсімдіктердің вегетациялық кезеңін тездетуде» (https://islam.kz/kk/news/alem/klimat-ozgerisi-orta-aziya-men-qazaqstandagy-osimdikterdin-vegetatsiyalyq-kezenin-tezdetude-16399/#gsc.tab=0https://islam.kz/kk/news/alem/klimat-ozgerisi-orta-aziya-men-qazaqstandagy-osimdikterdin-vegetatsiyalyq-kezenin-tezdetude-16399/#gsc.tab=0);

«Жаһандық жылыну адамзатты «алтын күз» кезеңінен айырады» (https://islam.kz/kk/news/arturli/jahandyq-jylynu-adamzatty-altyn-kuz-kezeninen-aiyrady-14469/#gsc.tab=0);

«Күріш революциясы» (https://islam.kz/kk/news/alem/kurish-revolyutsiyasy-11122/#gsc.tab=0);

"Эко-зиянды тыңайтқышсыз түсімі мол күріш өсірудің жолы табылды" (https://islam.kz/kk/news/gylym/eko-ziyandy-tynaitqyshsyz-tusimi-mol-kurish-osirudin-joly-tabyldy-14652/#gsc.tab=0);

«Ионды сәуле технологиясының көмегімен күріштің жаңа сорты алынды» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/iondy-saule-tehnologiyasynyn-komegimen-kurishtin-jana-sorty-alyndy-14553/#gsc.tab=0) 

0 пікір
Мұрағат