Антибиотик обырға ұрындыру қатерін арттырады
Антибиотик обырға ұрындыру қатерін арттырады
3 жыл бұрын 1001 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Швед ғалымдары антибиотиктің оны қабылдаған адамның бойында 5-10 жыл ішінде колоректалды обырдың пайда болуы қатерін арттыратынын анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған The Journal of the National Cancer Institute мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мақалада айтылғандай, Умео университетінің ғалымдары 201-2016 жылдар аралығында тоқ ішек пен тиік ішек обырынан зардап шегетін 40 мың шведтің денсаулығына қатысты деректерді зерделеген. Бұдан бөлек, мамандар 200 мың дені сау адамды да бақылаған. Бір мезгілде 2005-2016 жылдары антибиотик қабылдаған адамдар статистикасына да талдау жүргізген. Ғалымдар қолда бар мәліметтерді жан-ақты сүзгіден өткізіп, сараптай келе ырты жыл бойы антибиотик қабылдаған ерлер мен әйелдердің тоқ ішегінің бірінші бөлігінің (астың тік ішекке түсетін тұсы) онкологиялық ауруға ұшырау қатерінің 17%-дан асып кеткенін анықтай алды. Ғалымдар адам антибиотик қабылдаған соң 5-10 жылдан кейін тоқ ішекте обырдың пайда болуы қатерінің артып келе жатқанын аңғарғандарын алға тартып отыр. Салыстыру үшін бұл тарапта ғалымдар қуық инфекциясына қарсы бактерицидтік дәрінің – гиппурат метенаминнің антибиотикке қарағанда адам микробиомына әсер етпейтінін, яғни, кері әсерін тигізбейтінін әрі онкологиялық дертке шалдықтыру қатері болмайтынын анықтады. 

Ұқсас материалдар:

«Антибиотик адам ғұмырын қысқартады» (https://islam.kz/kk/news/gylym/antibiotik-adam-gumyryn-qysqartady-15668/#gsc.tab=0);

«Жаңа буын антибиотигінің тиімділігі неде?» (https://islam.kz/kk/news/gylym/jana-buyn-antibiotiginin-tiimdiligi-nede-15184/#gsc.tab=0);

«Антибиотик зиянды бактериялармен қатар пайдалы бактерияларды да жояды... Ғалымдар мұның да жолын тапқан секілді» (https://islam.kz/kk/news/gylym/antibiotik-ziyandy-bakteriyalarmen-qatar-paidaly-bakteriyalardy-da-joyady-galymdar-munyn-da-jolyn-tapqan-sekildi-13106/#gsc.tab=0);

«Бактерияны басқаша жолмен жоятын антибиотик табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/bakteriyany-basqasha-jolmen-joyatyn-antibiotik-tabyldy-13223/#gsc.tab=0);

«Ара уынан дәріге төзімді бактерияларды жоятын антибиотик жасаудың тәсілі табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/ara-uynan-darige-tozimdi-bakteriyalardy-joyatyn-antibiotik-jasaudyn-tasili-tabyldy-14275/#gsc.tab=0);

«Ғалымдар бактерияны антибиотик істеп шығаруға қалай "көндірді" (https://islam.kz/kk/news/gylym/galymdar-bakteriyany-antibiotik-istep-shygaruga-qalai-kondirdi-13774/#gsc.tab=0

 

0 пікір
Мұрағат