Телефондағы тың тыңдаудың қалай алдын алуға болады
Телефондағы тың тыңдаудың қалай алдын алуға болады
3 жыл бұрын 2773 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: allvoip.ru

Сергей Кузьменко есімді ресейлік киберқауіпсіздік сарапшысы смартфондағы тың тыңдаудың, яғни, телефон арқылы аңдудың алдын алуға болатынын алға тартып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы ресейлік бұқаралық ақпарат құралдарына мәлім етеді. Сарапшының айтуынша, мұның түк қиындығы жоқ – персоналды мәліметтер қолды болмауын смартфонды баптау көмегімен шектеуге болады. Соның ішінде «Қосымша» бөлімшесіне көіріп, ондағы микрофон, динамика, камера, т.б. осыған ұқсас функцияларды сөндіріп қою керек. Бұған қосымша сақтық ретінде өндіруші немесе өткізуші тарапынан орнатылған жарнамаларды өшіруіңіз керек. Ол үшін Google> Реклама бөлімшесіне кіріп, «Жарнаманы жекелендіру» сырғытпасын өшіруіңіз керек. Ал iPhone-да Баптауға (Настройка) кіріп, одан Құпия ұстауға (Конфиденциальность) өтесіз, содан соң Жүйе қызметті тауып (Системные службы), ондағы геолокациялық iAd-ты өшіресіз. Содан кейін Настройки> Конфиденциальность> Реклама мәзірі бойынша әрекет етесіз – «Жарнаманы бақылауды шектеу» функциясын қосыңыз. Бұл айтылғандарды істеген күннің өзінде телефоныңызда тың тыңдалуы мүмкін екенін сарапшы жоққы шығармайды – смартфонға вирус еніп кетсе.

0 пікір
Мұрағат