Адамның саусақ ізі немесе даусы ғана емес, бір-бірін қайталамайтын тағы бір ерекшелігі барын білесіз бе
Адамның саусақ ізі немесе даусы ғана емес, бір-бірін қайталамайтын тағы бір ерекшелігі барын білесіз бе
5 жыл бұрын 3338 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Жалпыға мәлім, адамның саусақ ізі немесе даусы ғана емес, сонымен қатар, жүрек қағысы да бір-біріне ұқсамайтын болып шықты. Бұл ерекшелік өз кезегінде адамның биометриялық дерек қорын толықтыра алады. Осы ерекшелік америкалық сарбаздардың идентификациялық құрылғысында пайдаланылатын болады. Бұл жайында Task and Purpose ақпарат көзі хабар таратты. АҚШ-тың қорғаныс министрлігі АҚШ-тың арнайы опреациялық күштерінің өтінішімен бұл принципті жаудың жүрек қағысын есептеу арқылы қашықтан олардың комбатанттарын анықтауға арналған инфрақызыл лазерді жасауда пайдаланды. Америкалық әскерилер Jetson деп атайтын аталмыш құрылғыда адамның жүрек қағысынан пайда болатын қозғалысты анықтауға мүмкіндік беретін дірілді контактісіз өлшейтін лазерлі виброметрия қолданылады. Аталған құрылғы, дәлірегі, лазер адамның сырт кимінен өтіп, 200 метр қашықтан шамамен 95 пайыз сәйкестендіру нәтижесін алуға көмектеседі. Бұл қашықтық алдағы уақытта арттырылатын болады. Мәселен, адамның бұл ерекшелігінің артықшылығы өзге саусақ ізі немесе даусы секілді бір-бірін қайталамайтын ерекшеліктерге қарағанда контактісіз тұлғаның кім екенін анықтауға көмектесетіндігінде жатыр. Яғни, адамның саусақ ізін алу немесе даусын есту мүмкін болмаған жағдайда оның кім екенін анықтау үшін жүрек қағысын "есту" жетіп жатыр. 

0 пікір
Мұрағат