Адамның неғұрлым дана болған сайын жалғыздықтан соғұрлым аз жапа шегетіні анықталды
Адамның неғұрлым дана болған сайын жалғыздықтан соғұрлым аз жапа шегетіні анықталды
4 жыл бұрын 4233 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Жалғыздықпен байланысты нейрон белсенділігі адамның тән саулығы мен жан саулығына әсерін тигізетін көптеген факторлардың ықпалын кемітуге мүмкіндік береді. Дәлірегі, ғалымдар анықтағандай, даналық (өмірлік тәжірибе десе де болады) өз кезегінде адамды тек психикалық тұрғыдан ғана емес, сонымен қатар, физиологиялық деңгейде де жалғыздықтан тартар азабын азайтады. Бұл жайында islam.kz порталы academic.oup.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл бағытта таяуда арнайы жүргізілген зерттеу нәтижесі көрсеткендей, адам миы жалғыздыққа даналықтың қабылдауына мүлдем қарама-қарсы бағытта жауап қататын болып шыққан. Жалғыздық пен даналықтың ассоциациясы бұрыннан байқалса да ғалымдар нейрондық деңгейдегі байланысты енді ғана анықтап отыр. «Бізді жалғыздық пен даналықтың эмоциялық тұрғыдан бір-бірімен қалай байланысты екені қызықтырған болатын, яғни, біз түрлі жағымды немесе жағымсыз эмоцияға қалай қарайтынымызға олардың әсерін біоу маңызды болды»,- деп мәлімдеді Сан-Диегодағы  Калифорния университетінің (UCSD) нейробиолог Джоти Мишра. Бұл тарапта жүргізілген тәжірибеге өз еркімен қатысқан 18-85 жас аралығындағы 147 адамға электроэнцефалограммалық жазба жүргізіп, мидың сыртқы және ішкі ақпараттар жиналып, өңделетін торабына – темпоро-париеталь тоғысына (TPJ) назар аударған еді. Тәжірибеге қатысушыларға конгнитивтік тест түрінде тапсырма берілді: шат бейнені, торыққан бейнені, ызбарлы бейнені немесе беймарал бейнені тануы тиіс. Өзіне тек өзі ғана баға беретін жалғызілікті адамдар көбіне жүзі мұң мен налаға толы бейнеге назар аударған – олардың конгнитивтік процесі TPJ аймағында бәсеңсіп кеткен еді. Ал дана адамдар шат бейнеге назар аударған, нәтижесінде TPJ аймағындағы конгнитивтік процесі қарқын алған. Бұдан бөлек, жалғызілікті адамдардың ашу-ызаға қатысты реакциясы мидың сол жақ бөлігіндегі назар аударуға жауапты жоғарғы TPJ аймағында белсенділік тудырған, ал «данагөйлердің» шаттыққа қатысты реакциясы жанашырлық секілді әлеуметтік сипаттамаларды өңдейтін мидың сол жақ бөлігінде белсенділік тудырған. Аталмыш америкалық жоғарғы оқу орнының нейропсихиатры Дилип Йесте бұл клиникалық зерттеу нәтижесінің жалғыздық пен даналықтың арасындағы кері байланыстың нейробиологиялық мәні барын айта келе аталған ұғымдардың субьективті санаға ғана тән болып қоймайтынын жеткізді. Бұл бағыттағы зерттеу жалғастырылатын болады, ендігі жерде жалғызілікті адамдар миының ақпаратты қалай қабылдап, қалай өңдейтіні зерделентін болады. 

Ұқсас материалдар: 

"Ғалымдар жалғыздыққа қарсы дәрі жасауға кірісті" (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/galymdar-jalgyzdyqqa-qarsy-dari-jasauga-kiristi-14932/#gsc.tab=0);

«Жалғыздық – дерт. Ғалымдар онымен күресудің стратегиясын әзірлейді» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/arturli/jalgyzdyq-dert-galymdar-onymen-kuresudin-strategiyasyn-azirleidy-14397/#gsc.tab=0);

«Жалғыздық пен сусамыр арасында байланыс бары анықталды» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/jalgyzdyq-pen-susamyr-arasynda-bailanys-bary-anyqtaldy-14148/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат