Адам иммунитетіне мүлдем таңсық бактериялар табылды
Адам иммунитетіне мүлдем таңсық бактериялар табылды
3 жыл бұрын 2269 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Теңіз тұңғиығынан, 3000 метрдан аса тереңдіктен осы уақытқа дейін адамға мүлде беймәлім микроорганизмдер табылды. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалын жариялаған Science Immunology  мерзіимді басылымы мен аталған жаңалық туралы хабар таратқан immunology.sciencemag.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Таңсық, дәлірегі, бұрын-соңды иммундық жүйе кездестірмегендіктен мүлдем жат болғандықтан адамның иммундық жүйесі қарсылық көрсетуге қабілетсіз бірқатар бактериялар бар. Бұл жаңалық кем дегенде иммундық жүйенің әмбебаптығына қатысты күмән тудырады. Осы уақытқа дейін қалыптасқан ұғым бойынша иммундық жүйе организмге тап болған кез келген бактерияны тануға қабілетті келмек. Алайда, жаңа зерттеу нәтижесі көрсеткендей, кей бактериялар өзін қоршаған ортамен ғана немесе тіршілік ету ортасымен ғана анықталады. Аталмыш зерттеуге атсалысқан Нью-Йорк штатының өнер және ғылым колледжінің биология кафедрасының доценті Рэнди Ротянның айтуынша, теңіз тұңғиығынан табылған бактериялар адамның туабітті иммундық жүйесі тарапынан ешқангдай реакция тудырмаған. Бұл ғалымдардың ойына келмек тұрмақ түсіне де кірмеген тосын жаңалық болып отыр. Тынық мұхитының орталық суларының 3704 шақырым аумағында табаны күректей 5 жыл бойы жүргізілген зерттеу барысында ғалымдар қалқымалы зертханада мыңдаған генді секвенирлеп шықты.

0 пікір
Мұрағат