Ұйқы арқылы адамның креативтік мүмкіндігін арттыратын құрал жасалды (видео)
Ұйқы арқылы адамның креативтік мүмкіндігін арттыратын құрал жасалды (видео)
4 жыл бұрын 2808 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Массачусет технологиялық институтының ғалымдары жұртшылықтың назарына ұйқы арқылы адамның креативтік мүмкіндігін арттыратын Targeted Dream Incubation (ТDI) әдісін ұсынды. Бұл жайында Science Direct мерзімді басылымы мәлім етті. Бұл тың тәсілде түс көріп жатқан адамның физиологиялық жағдайын қадағалауға мүмкіндік беретін датчик қолданылады. TDI-ды, сонымен қатар, нақты бір тақырыпта түс көруге пайдалануға болады. Адам ұйқыға кетіп бара жатқанында белгілі бір тақырыпты таңдайды. Адам ұйқыға кеткенде сол таңдаған тақырыбына сәйкес келетін дыбыс іске қосылады. Аталмыш әдіс түстерді зерделеу әрі түстердің адамның көңіл күйіне, шығармашылық қабілетіне, жадысына, т.б. мүмкіндіктеріне әсерін бағамдауға арналған. Бұл бағыттағы зерттеу барысында ғалымдар ұйқыға кеткен адамның жағдайын қадағалауға мүмкіндік беретін әрі белгілі бір сәтте көріп жатқан түсін бағыттап, дыбыс командасын беретін Dormio технологиясын қолданған болатын. Адам ұйқысынан оянған соң көрген түсін ұмытып қалмайды. Бұл туралы Free Press ақпарат көзі хабарлады. Тәжірибе нәтижесі көрсеткендей, Dormio технологиясы алғашқы қолданған сәтінде алты адамның креативтік мүмкіндігі артқан. Десе де бұл технологияның денсаулыққа теріс әсері бар-жоғы айтылмаған.

 

0 пікір
Мұрағат