|
Табиғаттың тосын құбылысынан болатын бір қатерден аман қалды (видео)
|
Күншығыс елінің Ниигата елді-мекенінде табиғаттың жұмбақ әрі тосын құбылысы екіұдай күйде қалдырған. Бұл жайында Daily Mail ақпарат көзі хабар таратты. Жылан пішіндес бұлт Ниигата префектурасына қарасты Дзёэцу қаласының аспанында пайда болған. Видеодан байқағанымыздай, ерекше бұл бір бүйірлей созылып барып, көз ұшынан жоғалған. Мұндай табиғат құбылысы жауын бұлтынан пайда болады әрі жерге түссе, алапат құйын тудыруы әбден мүмкін. Құдай сақтап, ол жерге жанасқан жоқ. Жапондар осылайша бір қатерден аман қалды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
ДТҰ арқылы ұрықтанған балалардың ДНҚ-сынан ерекше ауытқу табылды
■
Халқы ашқұрсақ ел мол өнім алатын ерекше әдіс ойлап тапты (фото)
■
Ас қалдықтарының атмосфераға қаншалықты парникті газ бөлетіні айтылды
■
2027 жылдан бастап Мысырға виза рәсімдеу 39 долларға дейін қымбаттайды. Қазақстан азаматтары Индонезияға 30 күнге дейін визасыз бара алады
■
Көрші елде діни тақырыптарды қозғайтын блогерлерге шектеу қойылады