Су астында жүйткіп жүзуге мүмкіндік беретін құрылғы пайда болды (видео)
Су астында жүйткіп жүзуге мүмкіндік беретін құрылғы пайда болды (видео)
1 ай бұрын 825 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Жеті жыл бойы CudaJet су асты реактивті ранеці студенттік прототиптен премиум дайвинг жабдығына айналды. Бұл жайында islam.kz порталы techcult ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аяқ-қолға бекітілетін кең таралған су асты скутерлерінен айырмашылығы - бұл құрылғы су астында неғұрлым табиғи басқаруды қамтамасыз ететін рюкзак түрінде жасалған. Cuda деп аталатын алғашқы нобай-нұқасы мен жобасын британдық энтузиаст Арши О'Брайен жасады, ал құрылғының коммерциялық нұсқасы 2023 жылы жарық көрді - ал екі жылдан кейін өнім айтарлықтай жетілдірілді. 2025 жылдың жаңартылған моделі неопренді белдікке бекітілген екі реактивті қозғалтқыштан тұратын жүйе түрінде болады. Басқару зарядтың жылдамдығы мен деңгейін көрсететін сымды триггер арқылы жүзеге асырылады. Салмағы 14 келі тартатын құрылғының батыру тереңдігі - 40 метрге дейін және ең жоғары тарту күші - 40 келі. Бұл көрсеткіш су астында секундына 3 метрге дейінгі жылдамдықпен қозғалуға мүмкіндік береді. Жаңа моделде жұмыс уақыты 40 минуттан 90 минутқа дейін ұлғайтылды, ал зарядтау уақыты 75 минутқа тең. Бастапқы бағасы – шамамен 30 мың доллар. Екі жылға кепілдік берілген.

 

0 пікір
Мұрағат