Әлемде алғаш рет жылжымалы қанаттары бар гибридті ұшақ құрастырылды (видео)
|

Канадалық Horizon Aircraft компаниясы Cavorite X7 гибридті ұшатын аппаратын көрсетті. Бұл жайында islam.kz порталы интернет көздеріне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Өзгеше машина тікұшақ пен ұшақтың артықшылықтарын біріктіріп, қала авиациясы үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Cavorite X7 негізгі қанаттарында 10 ротордан және алдыңғы қанаттарында 4 ротордан тұратын заманауи жүйемен жабдықталған. Тігінен ұшқанда қанаттар ашылып, электрлік роторларды іске қосады. Ал көлденеңдеп ұшқанда қанаттар жабылып, газтурбиналық қозғалтқыш артқы итергіш винтті айналдырады, сонымен қатар, бір мезгілде электролет батареяларын зарядтайды. Сағатына 460 шақырым жылдамдықпен 800 шақырымға дейін ұша алатын аппарат 680 келіге дейін жүк көтере алады. Әзірлеушілер 15×11,6 метр көлеміндегі алаңдарға қону мүмкіндігін айтып отыр. Cavorite X7 басқа eVTOL-дарға қарағанда айқынырақ көзге түседі, дәлірегі, бәсекелестермен салыстырғанда ұзақ қашықтықты қамтамасыз етеді және кез келген ауа райы жағдайында ұш алады. Сондай-ақ, жүйелердің жоғары резервтілігі бар, бұл артықшылық оны қауіпсіз етеді. Ал төмен шу деңгейі оны қала жағдайында пайдалануға мүмкіндік береді. Аталмыш компания қазіргі уақытта аппараттың сертификатталуымен айналысуда, оның кәдімгі ұшақ екенін және қосымша VTOL мүмкіндіктері бар екенін атап көрсетуде. Болашақта, аккумуляторлық технологиялардың дамуы арқасында, X7 толық электрлі ұшқышқа айналуы мүмкін.




