Apple M2 чипі бар құлаққап бірнеше адамның сөзін бірден аударады (видео)
|

Уашингтон университетінің ғалымдары әр тілде сөйлейтін адамдардың сөзін нақты уақыт режимінде аудара алатын, жасанды зердемен жабдықталған құлаққап ойлап тапты. Бұл жайында islam.kz порталы 24Gadget ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бірегей жүйе «Кеңістік дауыстық аударма» деген атауға ие болды және адам құлағының дыбысты қабылдауын имитациялайтын бинауралды құлаққапы қолдануды ұйғарады. Тек бір аудионы өңдей алатын басқа құлаптардан айырмашылығы - жаңа технология бірнеше адамның даусын бір мезгілде тануға және аударуға мүмкіндік береді. Бұл технология адам көп жиналатын орталарда, жиындарда, әр тілде сөйлейтін шетелдіктер жиналған шуы мол орындарда айналадағылармен еркін тілдесуге мүмкіндік береді. Өзгеше технологияның негізінде дыбыс көздерін бөлу, оқшаулау, аудару және бинауралды рендеринг комбинациясы жатыр. Бұл технология Apple M2 процессорында нақты уақытта жұмыс істейді. Микрофондар сөйлеген бағытты бақылайды, ал АІ әрбір дауысты бөлек өңдейді, оның оқшау ерекшелігін мен дауысының деңгейін сақтайды. Прототип мәліметтерді бұлтқа жібермей локалді түрде жұмыс істейді және сөйлеушінің табиғи дауысының бояуын сақтайды. Айрықша құлаққап ғимарат ішінде де, көшеде де сынақтан өткізілді. Ерекше жүйе сөзді 2-4 секундтық кідіріспен аударады (пайдаланушылар жақсы қабылдауы үшін 3-4 секундтық кідірісті қалайды). Әзірше испан, неміс және француз тілдері қолданылуда, десе де әзірлеушілер бұл тізімді кеңейтуді жоспарлап отыр. Аталмыш жобаның коды ашық, пайдалана аласыз.




