Сауд арабиясынан нелерді экспорттауға тыйым салынған?
Сауд арабиясынан нелерді экспорттауға тыйым салынған?
7 жыл бұрын 3335 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Сауд арабиясынан кей тауарларды заң жүзінде экспорттауға тыйым салынғанын көп адам біле бермейді. Жуырда аталған елдің экспортты дамыту басқармасы компания мен кәсіпорындардың қожайындарына ел аумағынан қандай тауарлардың экспортталмайтынын естеріне салып өтті. Сонымен, королдік аумағынан шетелге экспортталмайтын тауарлар тізімі мынадай: 

- Зәм-зәм суы;

- балаларға арналған сүт өнімдері;

- табиғи құм мен минералды байытылған құм;

- ірі қара мен жылқы (барлық тұқымы);

- үй құстарына арналған жем;

- табғи газ бөшкесі.

Сонымен қатар, Сауд арабиясына қару-жарақ, ішімдік, есірткі, доңыз еті және шошқа майы қосылған өнімдер, порнографиялық материалдар, ескерткіш мүсіндер, шығарылғанына бес жылдан асқан автокөліктер, соғылған автокөліктер, полиция автокөлігі, такси белгісі бар автокөліктер, т.б. тауарлар мен бұйымдарды импорттауға тыйым салынған. Заң жүзінде. 

0 пікір
Мұрағат