|
Салмағы 363 тонна тартатын ескі үй суда жүзді (видео)
|
XVIII ғасырға тән ескі үйдің "жаңа" қожайыны АҚШ аумағында ағатын Тред-Эйвон өзенімен оны "саяхатқа" аттандарды. Мэриленд штатына қарасты Истон қаласының тұрғыны Галлоуэй отбасы үй-жайымен түп қопара Квинстаун шаһарына қоныс аудару үшін тұрғызылғанына 250 жыл толған, тарихи әрі мәдени ескерткіш іспетті көненің көзі болған, сыны кетсе де сыры кетпеген үйді көшірудың амалын тапты. Адамнан айла артылған ба, ұрпақтан ұрпаққа мұра болып қалған, 1760 ылы салынған үйді осы заманғы қайыққа тіркеп сумен алып жүрді. Осылайша аталған үй 80 шақырым "жол жүріп" діттеген жеріне жеткізілді. Үйді көшіруге үй қожайыны қалтасынан тұп-тура 1 млн долларды санап берді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қырғызстан аумағында қанша мешіт бары белгілі болды
■
Денені салқындатып қоймай, электр энергиясын өндіретін киім тігілді
■
Малайзия осымен 14-ші жыл қатарынан ислам қаржысы бойынша көш бастап келеді
■
Әдеттен тыс тұсқағаз ауадағы ылғалды тегін электрге айналдырады
■
Инженер оттың көмегімен азық-түлікті суытатын тоңазытқыш ойлап тапты (видео)