|
Razor реактивті ұшқышсыз ұшу аппаратының прототипі сынақтан сәтті өтті (видео)
|
Америкалық Mayman Aerospace компаниясы тігінен ұшып көтерілетін және қонатын (VTOL) Razor реактивті ұшқышсыз ұшу аппаратының сынақ үлгісінің ұшу сынақтарының аяқталғанын хабарлады. Бұл жайында islam.kz порталы euro-sd.com дерек көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Razor құрылғысы тоғыз шаршы метр платформадан ұшып, сағатына 800 шақырымнан астам жылдамдықпен қозғалып, салмағы 450 келіге дейінгі пайдалы жүкті алты шақырым биіктікке тасымалдауға қабілетті. Бірегей ұшқышсыз ұшу аппараты «әуе-әуе» немесе «әуе-жер» зымырандарын, соның ішінде Brimstone немесе Hellfire секілді қаруларды тасымалдай алады. Razor-ды 2025 жылы жаппай өндіріске шығару жоспарланып отыр.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Америка штаты мұсылман мейрамын ресми танып, демалыс күндері етіп белгіледі
■
ДТҰ арқылы ұрықтанған балалардың ДНҚ-сынан ерекше ауытқу табылды
■
АҚШ пен Қытай арасындағы технологиялық жарысқа тағы бір ел қосылды
■
Халқы ашқұрсақ ел мол өнім алатын ерекше әдіс ойлап тапты (фото)
■
Әлем бойынша жас жігіттер өлім-жітімінің ең негізгі себебі айтылды