|
Қытай вокзалына келіп тоқтаған елес пойыз таспаға тартылып қалды (видео)
|
Қытайдың Баотоу өңіріндегі теміржол бекеттерінің бірінде бейнебақылау камерасының таспасына жұмбақ пойыз тартылып қалыпты. Елес-көлік, тіпті, гудок шығарғанымен оның өзі көрінбеген, тек алдыңғы шамы мен көрінер-көрінбес вагондары ғана болмаса. Ол бекетте жолаушыларды күткендей бірнеше уақыт бойы тұрған. Содан кейін барып қана қозғалып, белгісіз бағытқа бет алған. Бұл аномалиялық құбылыс аталған теміржол бекетінің қызметкерлерінің зәресін алған екен. Өйткені, мұндай тылсым құбылысқа алғаш рет куә болған. Әлбетте, бұл бейнежазба әлеуметтік желіде қызу талқыланған болатын. Біреулер оны тылсым әлемнен көрсе, енді біреулер оны әскери мақсатта қолданылатын, әдейі осылай құрастырылған, тәжірибе жүргізу үшін пойыз деп пікір білдірген.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Су тұшшыландырудың жаңа технологиясы тек суды тазартып қоймай, литиді қосады
■
Ғалымдар гравитация пен кванттық ақпарат арасында байланыс барын анықтады
■
Дәрілердің кері әсерінен болатын өлім-жітім бесінші орында тұр
■
Дене қызуын түсіретін әрі ауруды басатын дәрілер бактериялардың антибиотикке төзімділігін қалыптастыратын болып шықты
■
«Қандас» мәртебесін қалай үйден шықпай-ақ алуға болады