Қазақстанда қанша миллионер бар
Қазақстанда қанша миллионер бар
6 жыл бұрын 4019 7kun.kz

Қазақстанда миллионерлер саны бір жыл ішінде 8 пайызға артты. 2015 жылы бай адамдар саны 6,9 мың адам болса, 2016 жылы олардың қатары 7,5 мың адамға ұлғайды, деп хабарлайды LS.

Knight Frank мәліметіне сәйкес, 2006 жылы Қазақстанда долларлы миллионерлер саны 3,4 мың адамды құраған. Ал, 10 жылдан кейін бұл көрсеткіш 6,7 мың адамға артқан болса, 2026 жылға қарай олардың саны 10,7 мың адамға жетуі мүмкін.

10 млн долларға жуық дәулеті бар мультимиллионерлер саны 2006 жылы 260 адам болатын. Ал, 2016 жылы 520 адамға артты. Сарапшылардың мәліметінше, 2026 жылы олардың саны 830 адамға жетіп қалады.

Өз кезегінде, 2006 жылы Қазақстанда 30 млн доллардан астам инвестициялық активтерге ие, таза табыс деңгейі жоғары 120 адам, ал 2016 жылы – 230 адам өмір сүрді. 2026 жылға қарай олар 370 адам болуы мүмкін.

Ал, 100 млн доллардан астам активке ие қазақстандықтар саны 15 адамды құрады. 2016 жылы олар 29 адам болса, 2026 жылы олардың қатары 46 адамға толығуы ықтимал.

Сондай-ақ, сарапшылардың болжамына сәйкес, бай қазақстандықтардың саны 2016 жылдан 2026 жылға дейінгі аралықта 60 пайызға артады.

Бай қазақстандықтардың ендігі кезектегі тренді жекеменшік ұшақтарын сатып алуы болып отыр. Мәселен, 2006 жылы 4 ұшақ сатып алынса, 2016 жылы олардың саны 28-ге жетті. Барлығы, сонымен, 226 ұшақ сатылды. Әлем бойынша ұшатын құрылғыны сату жөнінен Қазақстан алғашқы үштікке ілінгенін айта кеткен жөн.

0 пікір
Мұрағат