Қару-жарақ сататын ең ірі 7 компания
Қару-жарақ сататын ең ірі 7 компания
7 жыл бұрын 4763 7kun.kz Дінмұхамед Алдаберген

Қару-жарақ сату бүкіл әлемде қазіргі уақытқа дейін өзекті мәселе болып тұр. Біріккен Ұлттар Ұйымының тұрақты 5 өкілі тауар айналымының 75 пайызын қару-жарақпен қамтамасыз етеді. Жылына өндіріске шығатын оқтардың көбі соншалық, сол оқтармен әлемдегі бар адамды екі реттен өлтіріп шығуға болады. Осы қарулардың жартысы АҚШ-қа тиесілі. Ал ол елдің адамдары қаруды өзін қорғау үшін қолдануға құқылы. Сарапшылардың айтуынша, соғыс біткеннен кейін халықаралық деңгейде де қару-жарақ сату көрсеткіші күрт төмендеген. Бірақ бұл көрсеткіш 10 жыл көлемінде ғана сақталып тұр. Қазір Қытай және дамушы елдер арасында да қару-жараққа деген сұраныс көп. Бүгінгі материалда әлемдегі ең ірі қару жасаушы компаниялар тізімін ұсынамыз.

  1. LOCKHEED MARTIN (АҚШ) $36 МЛРД
    қару-жарақ
  2. Фото: b1.vestifinance.ru

Lockheed Martin-ге басты сұраныс әскери адамдардан келіп түседі. Табысының шамамен 75 пайызын әскерилерден алады. Сондай-ақ, АҚШ үкіметі оларға тікелей қолдау көрсететінін де айтып өткеніміз жөн. 2012 жылы бұл компанияның табысы 3 млрд долларды құраған. Компанияда 120 мың адам жұмыс істейді. Жұмысшылардың қатарында инженер, ғалымдар және жұмысшылар ғана емес олардың арасында лоббишілер де бар. ХХ ғасырдың соңында олар компанияға Ф-22 атты жойғыш қаруға келісімшарт алып берді. Соңғы жылдары компания тек қорғаныстық өнім шығарумен шектелмей, кванттық компютерлерді де өндіріске шығара бастады. Бұл өндірістерімен олар Google және IBМ-мен бәсекеге түсті.

  1. BOEING (АҚШ) $27,61 МЛРД
    қару-жарақ
  2. Фото: b1.vestifinance.ru

BOEING атты тағы бір америкалық компания ірі қару өндірушілердің бірі. Бұл компанияның авиаконцерні 2013 жылы 86 млрд долларды құрады. Табысының 27,61 млрд доллары тек қорғаныс құралдарынан келіп түскен. Бұл компания әр түрлі үлгідегі ұшақтар, бомбалаушы ұшақтардан бастап жойғыш, тіпті ұшқышсыз ұшақтар жасайды. Сонымен бірге тікұшақтарды да өндіріске шығарады. Олардың қатарында CH-47 Chinook та бар. Бірақ ең танымалы —  Boeing. Ол өзінің төзімділігімен ерекшеленеді.

3. RAYTHEON (АҚШ) $22,5 МЛРД

қару-жарақ

Фото: b1.vestifinance.ru

Бұл компанияның іргетасы 1922 жылы қаланған. Компания кезінде мұздатқыш бөлмесін шығарумен де айналысқан. Ал қазіргі таңда RAYTHEON АҚШ-тағы қару-жарақ шығаратын басты компаниялардың бірі болып саналады. Компания әлемге әйгілі қанатты ракеталарды шығарады. Мысалы, «Томагавк» пен «Пэтриот» деген ракеталар RAYTHEON-ға тиісті.

қару-жарақ

Фото: b1.vestifinance.ru

4. Кезінде General Dynamics, Holland Torpedo Boat Company АҚШ флотына арнайы сүңгуір қайық жасаған болса, қазір америкалық компанияның басты міндеті қару-жарақ шығару. Бірақ General Dynamics басқа да тауар түрлерін жасауға бар күшін салып жатыр. Сондай-ақ, ұшақ өндірісін де іске қосты. Дәл осы компания шығарған F-16 жеңіл жойғыш ұшағы әскери шараларда айрықша сұранысқа ие. Әлемге аты әйгілі Abrams танкін ұмытпағанымыз да жөн. General Dynamics-тің жалпы активі 34 млрд долларды құрайды. 2008 жылы компанияға сыбайлас жемқорлықтың кесірінен 4 млн доллар айыппұл салынған.

5. NORTHROP GRUMMAN (АҚШ) $19,4 МЛРД

қару-жарақ

Фото: b1.vestifinance.ru

Northrop Grumman компаниясы бірінші кезекте бомбалаушы B-2 Spirit ұшағымен танымал. Northrop Grumman өз өнімдерін АҚШ әскеріне сатумен байып кетуді көздегенімен, көп ұзамай сұраныс төмендеді. Кеңес Үкіметі тарағаннан кейін ұшақты алудың еш қажеті болмай қалды.

  1. FINMECCANICA (ИТАЛИЯ) $12,53 МЛРД
    қару-жарақ
  2. Фото: b1.vestifinance.ru

Италиялық әскери бірлестік Finmeccanica 1940 жылдары құрылған және мемлекетке тиесілі. Компания әр түрлі үлгідегі қару-жарақтар шығарады. Ұшақтар, тікұшақтар, ғарыштық жүйе, қорғаныс кешені, көлік жүйесі және инфрақұрылым жұмыстарын істейді. Жақында Finmeccanica сыбайлас жемқорлық  туралы дауға қатысы бар болып шықты. Осыған байланысты компанияның табысы біраз азайған.

  1. L-3 COMMUNICATIONS (АҚШ) $10,84 млрд
    қару-жарақ
  2. Фото: b1.vestifinance.ru

Америкалық  L-3 Communications оптикалық көздеуіш пен сканер шығаратын аты әйгілі компания. Оның өнімдерін АҚШ Ішкі істер министрлігі және NASA жиі пайдаланады. Бұл компания 90 жылдардың аяғында Raytheon және Lockheed Martin бірігуінің нәтижесінде құрылды.

0 пікір
Мұрағат