Пәкістан астанасы неге «әлемдік аллергия астанасы» атанды?
Пәкістан астанасы неге «әлемдік аллергия астанасы» атанды?
3 жыл бұрын 4844 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Исламабад тек Пәкістанның астанасы ғана емес, сонымен қатар, "аллергияның әлемдік астанасы" деп саналады. Бұл жайында islam.kz ақпарат көзі мәлім етеді. Ағаштар бүр жарып, Исламабад қаласы жасыл желек жамылар кезде жергілікті тұрғындар үйінен аттап басып шықпауға тырысады, ал қолы ұзын қалталы тұрғындар уақытша өзге жаққа кетеді. Әдетте шаң-тозаңның концентрациясы, яғни, ауадағы шоғырлану мөлшері  текше метріне қарай өлшенеді. Мәселен, АҚШ-тағы рекордтық көрсеткіш бір текше метрге шаққанда он мыі единицті құраса, бұл көрсеткіш аталған қалада текше метріне 45 мың единицке жете-қабыл. Бұған ең алдымен «қағаз тұты» деп аталатын ағаш кінәлі. Оны кезінде қаланы тұрғызғандар сырттан әдейі әкелген еді. Исламабад  жиырмасыншы ғасырдың орта шенінде тақыр жерден тұрғызылған қала. Тарихқа сәл шегініс: Мұхзаммед Айуб Хан әскери төңкеріс жасап, билік басына келгеннен кейін 1958 жылы жаңадан жасақталған министрлер кабинеті бұл қаланы тек мемлекеттік қызметкерлер ғана тұратын қалаға айналдыруға күш салған еді. Жаңа астананы жобалауға Константинос Доксиадис есімді грек сәулетшісін жалдады. Қаланы аз уақыттың ішінде көркейту үшін құрылыс жұмыстарымен қатар көгалдандыру шаралары да қатар жүргізілді. 1966 жылы алғашқы билік өкілдері қалаға қоныса аудара бастады, Алайда, қала құрғақшылық жайлаған жерде болғандықтан Азияның шығысынан тез өсетін қағаз тұтын әкеді. Шапшаң өскенімен қоймай, көз тартар көрікті болғаны үшін аталмыш ағашты таңдады. Уақыт өте келе, дәлірегі, айналдырған он жылдан соң аталған ағаш түрі тез өсіп қоймай, жергілікті ағаштардан артық көбейіп, басымдыққа ие болды. 1990-шы жылдары Пәкістанның денсаулық сақтау министрлігі қала халқы зардап шеккен аллергияның қайнар көзін анықтау үшін тексеру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде қала тұрғындарының қағаз тұтынан аллергияға ұшырайтыны анықталды. Пәкістанның медицина кеңесінің келтірген дерегіне қарағанда, астанадағы аллергиядан зардап шегетіндердің шамамен 45%-ы қағаз тұтынан аллергиясы ұстайтынын растады. Қаланың жақсы атын шығаруы тиіс ағаш осылайша Исламабадты жаманатты етті. Оны жоюға талпыныс жасалып келеді. 2009 жылы барлық жібек ағаштарын 3 жылдың ішінде құртуға пәрмен берілді. Алайда, көктем келе қайта көктеп шығады.

Почему пакистанский Исламабад называют мировой столицей аллергии?

Почему пакистанский Исламабад называют мировой столицей аллергии?

0 пікір
Мұрағат