Табиғи апаттан келген шығын үшін қандай өтемақы төленеді?
Табиғи апаттан келген шығын үшін қандай өтемақы төленеді?
8 жыл бұрын 3706 7kun.kz, LS

Табиғи апаттардың жиілеуі қазақстандықтарды сақтандыру компанияларының қызметтерін жиі пайдалануға мәжбүрлейді.

Сақтандыру нарығы қатысушыларының атап өтуінше, өтемақы үшін көбінде автокөлік иелері хабарласады. «Коммеск-Өмір» шығындарды реттеуді басқару басшысы Ержан Рамазановтың сөзінше, осы жылдың басынан бері ауа-райына байланысты 8 сақтандыру оқиғасы тіркелген. 2015 жылмен салыстырғанда өтініштер саны көбеймеген.

«Мүлкін сақтандыруға деген қызығушылық кезекті табиғи апаттан кейін артқанымен, белгілі бір уақыттан соң бәсеңдеп қалады. Адамдар сақтандыруды пайдалы қорғаныс құралы деп есептеу үшін компаниялар сақтандыру төлему туралы көбірек ақпарат таратуы қажет»,-дейді «Коммеск-Өмір» компаниясынан.

Ержан Рамазановтың сөзінше, 8 оқиға бойынша сақтандыру төлемінің жалпы сомасы 11,5 млн теңгені құрады. Өтемақы көлемі мүлкіңізге тиген зақымға байланысты болады.

«Бір клиентімізге машинасын паркингте су шайып кеткені үшін 7,3 млн теңге төленді. Екінші біреуі бұтақ машинаны сызып өткені үшін 62 мың теңге алды», — деді Ержан Рамазанов.

«Сентрас Иншуранс» компаниясынан да хабарлағандай, жыл басынан бері «табиғи апат» қаупі бойынша 8 өтініш түскен. Өтемақылар ағаш басып қалған тұрақтағы автоға немесе машина ішіне бұршақ жауғаны үшін төленген. Бірақ өткен жылы клиенттерден сақтандыру төлеуге өтініш түскен жоқ дейді компаниядан.

Сарапшылардың сөзінше, жоғарыдағы қауіп бойынша берілетін төлемнің орташа бағасы 50 мың теңге мен 500 мың теңге аралығында.

Дегенмен өте жоғары сома төленетін де уақыт болады. Amanat басқарма басшысы Анна Некрюкованың сөзінше, мейрамхана басшысы ғимарат өте қатты жауыннан зақымдалғаны үшін 9 млн теңге алған.

«2015 жылы Қарағандыдағы зауытты су шайғаны оқиғасы тіркеліп, 178 млн теңге төленді. Ал Атыраудағы ірі қойма қатты жауыннан зақым шеккені үшін 8 млн теңге алды», — деді Анна Некрюкова. Оның сөзінше, осы жылғы түскен өтініштердің көбі Алматыда шілдеде болған қатты жауын әсерінен зақымдалған машиналарға қатысты.

0 пікір
Мұрағат