Иран еркектері әйелдерді қолдау мақсатында хиджаб киді (фото)
Иран еркектері әйелдерді қолдау мақсатында хиджаб киді (фото)
8 жыл бұрын 3602 Stan.kz

Ирандық ер адамдар өздерінің хиджаб киген суреттерін жаппай әлеуметтік желідегі парақшаларына жүктей бастады. Олар орамал тағуы міндетті болып саналатын әйелдер қауымын осы әрекеттері арқылы қолдағысы келіпті.

Жігіттер бұл акцияны #MenInHijab хештегімен жариялауда. Олар бастарына орамал немесе хиджаб тағып түсіп жатыр. Олар осы суреттерді жариялап, киім киюде иран әйелдеріне еркіндік берілуін талап етуде.

Флешмоб авторы Ұлыбританияда тұратын журналист қыз Мазих Алинеджад. “Бұл еркектердің көбісі Иранда тұрады және күн сайын әйел туыстарының хиджаб киіп тұмшалануға мәжбүр болатынын көріп жүр” дейді ол.

1515

2014 жылы Алинеджад биліктің қудалауымен елден кетіп, "My Stealthy Freedom" онлайн-жобасын құрған болатын. Ол ирандықтарды адам жоқ жерде орамалсыз суретке түсіп, оны әлеуметтік желілерде жариялауға шақырған.

0 пікір
Мұрағат