Киім заттаңбасындағы белгілердің мағынасы
Киім заттаңбасындағы белгілердің мағынасы
7 жыл бұрын 14549 Baq.kz Жібек МҰҚАШЕВА

Үстіміздегі киімнің заттаңбасындағы белгілерге қарап, бұл не екен деген сұрақтың туындайтыны заңдылық. Baq.kz назарларыңызға осы белгілердің мағынасын ұсынады. 

1. Қолмен жуу
2. Жууға болмайды
3. 30°-тан аспайтын температурада тек қолмен жуу, ысқылауға, сығуға болмайды.
4. Суретте көрсетілген температурадан аспайтын температурада қолмен немесе кір машинасымен жуу.

5. Қолмен немесе кір машинамен жуу. Суретте көрсетілген температураға мұқият зер салыңыз! Қатты механикалық өңдеуге болмайды, суық суға біртіндеп өту арқылы шайып, машинада сыққан кезде центрифуганы баяу режимге қою қажет.

6. Өте көп сумен абайлап жуу, механикалық өңдеудің ең төменгі деңгейі. Төменгі айналымда тез шаю.

7. Ағартқышты, хлор қосылған химиялық заттарды қолданып жууға рұқсат етіледі. Тек суық су қолданып, кір жуу ұнтағының толық еруін қадағалау керек.

8. Құрамында ағартқыш (хлор) бар заттарды қолдануға болмайды.

9. Үтіктеуге рұқсат.
10. 110°-тан аспайтын температурада үтіктеуге рұқсат. Бұл ережелер нейлон, полиэстер, ацетат және т.б. синтетикалық талшықтардан тұратын материалдарға да қатысты. Мата төсемін қолдану керек. Буды қолданбаңыз.

11. 150°-тан аспайтын температурада үтіктеуге рұқсат. Түкті және полиэстер мен вискоза араласқан талшықты маталарды үтіктеуге болады. Сулы матаны қолдану керек.

12. Максималды 200° градуста үтіктеуге рұқсат. Зығыр және мақта маталардан тігілген киімдерді де үтіктеуге рұқсат етілген. Бұйымды аздап дымқылдауға болады.

13. Тек құрғақ тазалау.
14. Кез келген еріткішпен құрғақ тазалау.

15. Тек көмірсутекті, хлорлы этиленді және монофтортрихлорметанды қоспалармен құрғақ тазалау.

16. Тек көмірсутекті және трифтортрихлорметанды қоспаларды пайдалана отырып тазалау.
17. Тек көмірсутекті, хлорлы этилен және монофтортрихлорметанды қоспамен аздаған су қосып, механикалық өңдеу мен кебу температурасын бақылай отырып тазалау.

18. Тек көмірсутекті және трифтортрихлорметанды қоспамен аздаған су қосып, механикалық өңдеу мен кебу температурасын бақылай отырып тазалау.

19. Кір жуу машинасында сығуға және кептіруге рұқсат.
20. Кір жуу машинасында сығуға және кептіруге рұқсат етілмейді.
21. Жылы температурада кептіру.
22. Ыстық температурада кептіру.
23. Сығудан кейін вертикальды кептіруге рұқсат етілген.

24. Сықпай кептіру.
25. Көлденеңінен кептіру.

Басқа да кеңестер:

Кір жуу машинасында таза жібек матадан тігілген киімді 30°-тық температуда «абайлап жуу» режимінде жібек матаға арналған арнайы кір жуу ұнтағын пайдалана отырып жуу қажет. Ағартқыш құралдарын қолданбаңыз. Матаны жұмсартып, балғындық беретін құралдарды қолдануға болады.
Егер жібек маталы киімді қолмен жусаңыз оны қолмен, щеткамен ысқылауға, сондай-ақ сығуға болмайды. Жібек матадан тігілген киімді 20-25°-тық температурадағы жылы суда шайыңыз, аздаған сірке суын қоссаңыз, киімнің түсі жарқырап шыға келеді. Жібек киімді жабық ғимаратта немесе көлеңкелі жерде кептіру керек. Жібекті күн көзінің астында, батарея мен жылу құралдарына жақын жерде кептіруге болмайды. Жібек матаны дымқыл күйінде ішінен үтіктеген дұрыс.

0 пікір
Мұрағат