Еңбек нарығындағы бәсекелестікте роботтарды қалай ығыстыруға болады?
Еңбек нарығындағы бәсекелестікте роботтарды қалай ығыстыруға болады?
6 жыл бұрын 4938 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Еңбек нарығы соңғы технологиялық, техникалық жетістіктерге басымдық беріп, адамды роботтар алмастыра бастады. Бұл өз кезегінде жұмыссыздықтың белең алуына себеп болып отыр. Көз алдыңызда көптене мамандық түрлері де жойылуда. Бұл мәселені қалай шешуге болады? Робот тамақ ішпейді, жалақы талап етпейді, т.б. Адамнан роботтың артықшылығы осында. Ал адам роботтан қалай үстем түсуі тиіс? Бұл үшін студенттерге білім берудің әдіс-тәсілін түбегейлі өзгерту қажет. Яғни, мамандарды роботтан да қабілетті етіп дайындау керек. Сонда ғана еңбек нарығындағы бәсекелестікте машиналарды ығыстыра алады. Жуырда Алматы қаласындағы Нархоз жоғарғы оқу орнына тағайындалған Эндрю Вахтель (Әлемге әйгілі Гарвард университетінің гуманитарлық ғылымдарының бакалавры, Калифорния университетінің магистрі, 2010 жылдан Бішкекте орналасқан Орта Азиядағы америка университетінің президенті болған) бұл өзекті сауалға: «Біз роботтар туралы не білеміз? Роботтар командаға жақсы «жауап» береді. Егер сен сауалыңды дұрыс жұптап қойсаң, олар жауап береді. Сол себепті, сауал қою құзыреті оған жауап бергеннен гөрі әлдеқайда маңызды. Сауал қоя алатын түлектерді алмастыру қиын. Ал сауалға тек жауап беретіндерді алмастыру оңай. Роботтармен бәсекелестікте олардың тағы бір осал тұсы – бағыты тар. Компьютер неге Гарри Каспаровты жеңіп кетті? Жасанды интеллекті одан ақылды болғаны үшін емес. Шахмат ойнау – өте күрделі, алайда, айтарлықтай тар мамандық. Марк Цукербергті алмастыру қиын, өйткені, ол жан-жақты ойлайды әрі әр нәрсенің бағасын біледі. Бұдан шығатын қорынытынды: біз терең ойлайтын әрі сауал қоя алатын адамдарды дайындауымыз керекпіз»,- деп жауап қайтарды.

0 пікір
Мұрағат