Өлімнен кейінгі өмір: крематориядағы құпия тәжірибе (видео)
Өлімнен кейінгі өмір: крематориядағы құпия тәжірибе (видео)
6 жыл бұрын 11976 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Адам өлген соң оның сүйегін өртеп жіберу әлемнің әр түкпірінде әлі күнге кездеседі. Орта ғасырларда бұл соқыр наным-сенімнің жетегінде немесе мәйіттің іріп-шіруі кезінде ауру тарамасы үшін жүзеге асырылса, бүгінгі таңда да пұтқа табынатын кей елдерде соқыр наным-сенімнің сарқыншағы ретінде атқарылап жатады. Алайда, адам тығыз шоғырланған өңірлерде жердің жетіспеушілігінен, яғни, дүние салған адамның сүйегін жерлейтін орын тапшылығына байланысты өртеліп жатады. Осы мақсатта орнайы крематорилер салынады. 1996 жылы Мәскеу қаласындағы крематорилердің бірінде құпия тәжірибе жүзеге асырылған екен. Қайтыс болған адамның мәйітіне энцефалограф жалғап, адам сүйегін отқа тастаған. Тәжірибені жүзеге асырғандар оттың энцефалографқа еш әсерін тигізе алмайтынына, яғни, температураның еш қатысы болмайтынына көз жеткізіп алған екен алдымен. Содан соң барып қана тәжірибені жүргізіп көрген. Бір таңқаларлығы әрі қорқыныштысы, энцефалограф тірі адамның бойындағы үрейдің сигналын көрсеткен. Мұның бәрі мұқият таспаға тартылып алынған болатын. Ғалымдар мұны мәйіттің бойындағы бактериялар мен химиялық процестерге жорып, өздерінше жорамал жасаған болатын. Олар да энергия бөледі. 

 

0 пікір
Мұрағат