Микропластик миға да енуі мүмкін – зерттеу
Микропластик миға да енуі мүмкін – зерттеу
3 жыл бұрын 2284 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Таяуда бұл бағытта арнайы жүргізілген зерттеу нәтижесі көрсеткендей, микропластик (микропластиктің не екенін сайтымыздың жаңалықтар таспасында түрлі мезгілде жарияланған материалдардан біле аласыздар. Сілтемелері төменде – ред.) тәжірибедегі тышқандардың гематоэнцефалды тосқауылынан (мидың қорғаныш қабаты) өткен. Бұл жайында islam.kz порталы sciencedirect.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Әдетте пластиктың ыдырауы, яғни, шіріп жоғалуына 450 жыл уақыт кетеді, дегенмен, ол алдымен күлдей ұсақ фрагменттерге ыдырайды. Дәлірегі, көлемі 5 мм-ге дейінгі пластиктер микропластик деп аталады. Әлебетте, пластик улы зат болғандықтан оның организмге енетінін әрі залалын тигізетінін бұрынғы материалдарымызда айтып өткенбіз. Мәселен, тірі организмдерге тигізер кері әсерін теңізге тап болған пластиктің теңіз жануарларының, дәлірегі, шаянның конгнитивті қабілетін төмендеткенін ғалымдар кезінде дәлелдеген еді. Бұдан бөлек, аневризмге (тамырдың жарылуы) бастайтынын да да байқаған. Бұдан бөлек, балықтардың ұрықтану жүйесіне де теріс әсерін тигізгені белгілі болып отыр. Ол ол ма, микропластик адамның өкпе жасушаларын да өзгертуге қауқарлы келеді. Ғалымдар бұл жолғы зерттеуде микропластитіктің жүйке жүйесіне әсерін бағамдап көрген екен. Осы мақсатта кеміргіштердің организіміне қатарынан жеті күн бойы полистиролды микропластик енгізген болатын. Кеміргіштердің де адамдардікі секілді гематоэнцефалді тосқауылы болады: микропластик бұл кдеергіні еңсеріп миға өткен. Микропластик миға енгеннен кейін ол микрогли жасушасында жиналады. Бұл орталық жүйке жүйесінің қызметін бұзған. Дәлірегі, микропластик жасушаның көбеюі процесіне кедергі келтірген. Микроглия жасушасы микропластикті қауіп ретінде қабылдағандықтан оның морфологиясын өзгерткен. Нәтижесінде микропластик апоптозға (жасушаның өз-өзін жоюына) апарып соқтырған. Аталмыш зерттеу нәтижесінен белгілі болғандай, 2 микромеетр немесе одан да кіші микропластик мида жиналатын болып шықты.

Ұқсас материалдар:

«Микропластиктен аса қауіпті бактерия табылып жа»ыр" (https://islam.kz/kk/news/gylym/mikroplastikten-asa-qauipti-bakteriya-tabylyp-jatyr-15524/#gsc.tab=0);

«Микропластик супер бактерияларға қалай көмектеседі?» (https://islam.kz/kk/news/gylym/mikroplastik-super-bakteriyalarga-qalai-komektesedi-15210/#gsc.tab=0);

«Микропластик бактерияның төзімділігін 30 есе арттырады» (https://islam.kz/kk/news/gylym/mikroplastik-bakteriyanyn-tozimdiligin-30-ese-arttyrady-15015/#gsc.tab=0);

"Микропластиктің далаға қарағанда үйде шоғырлану деңгейі жоғары болып шықты" (https://islam.kz/kk/news/arturli/mikroplastiktin-dalaga-qaraganda-uide-shogyrlanu-dengeii-jogary-bolyp-shyqty-15375/#gsc.tab=0);

«Микропластик адам организімінен де табылды» (https://islam.kz/kk/news/arturli/mikroplastik-adam-organiziminen-de-tabyldy-14000/#gsc.tab=0);

«Біз тұтынып жүрген азық-түлікке микропластиктің қалай енетінін білгіңіз келе ме» (https://islam.kz/kk/news/gylym/biz-tutynyp-jurgen-azyq-tulikke-mikroplastiktin-qalai-enetinin-bilginiz-kele-me-13863/#gsc.tab=0);

«Топырақта тіршілік ететін организмдерге микропластиктің әсері» (https://islam.kz/kk/news/gylym/topyraqta-tirshilik-etetin-organizmderge-mikroplastiktin-aseri-14080/#gsc.tab=0);

«Қоршаған ортада ұзағырақ жатып қалған микропластиктің қандай қауіп төндіретіні айтылды» (https://islam.kz/kk/news/arturli/qorshagan-ortada-uzagyraq-jatyp-qalgan-mikroplastiktin-qandai-qauip-tondiretini-aityldy-14521/#gsc.tab=0);

«Өсімдіктер де пластикпен «қоректенетін» болып шықты» (http://islam.kz/kk/news/arturli/osimdikter-de-plastikpen-qorektenetin-bolyp-shyqty-13766/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат