2022 жылы "байлық салығы" салынуы мүмкін
2022 жылы "байлық салығы" салынуы мүмкін
2 ай бұрын 469

Қазақстанда бай мен кедей арасындағы таптық бөлінушілік күшейіп барады. Бұл жайында naryk.kz ақпарат көзі мәлім етеді. 

2022 жылы Қазақстанда "байлық салығы" пайда болуы мүмкін. Бұл туралы өткен аптада Сенаттың пленарлы отырысында айтылды. 

Cенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы "Салық және бюдетке өзге де міндетті төлемдер туралы" заң жобасын талқылау барысында "байлық салығын" енгізу мәселесін көтерді. 

"2019 жылғы Жолдауда айтылғандай, елдің ішкі жалпы өнімі өскенімен, қоғамда таптық бөлінушілік күшейіп барады. Бұл маңызды мәселе. Шынымен, Қазақстанда бай мен кедейдің айырмашылық көбейді. Қымбат жылжымайтын мүлік, ұшақ, қымбат көлік пен зергерлік бұйымдар секілді сән-салтанатқа "байлық салығын" енгізу керек. Бұл қоғамда әділдікті орнатуға ықпал етеді", деді депутат. 

Депутаттың сауалына қаржы вице-министрі былай деп жауап берді: "Біз бұл мәселені қарастырып жатырмыз. Келер жылы Үкімет осы бағытта жұмыс істейді".

0 пікір
Мұрағат