Ұшатын машина сағатына 90 шақырым жылдамдықпен қозғалады (фото+видео)
Ұшатын машина сағатына 90 шақырым жылдамдықпен қозғалады (фото+видео)
2 жыл бұрын 6988 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Француздардың автокөлік құрастыратын Renault компаниясы ұшатын автокөліктің концепциясын қайта сүзгіден өткізген екен – ол квардокоптерге ұқсас. Бұл жайында islam.kz порталы engadget.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Renault компаниясы бұл бағытта Майамадағы TheArsenale дизайнерлік компаниямен 30 жыл бойы сатылып келген автокөліктің (шамамен 8 млн данасы сатылған) дронға ұқсас жаңартылған нұсқасын құрастыру үшін біріккен болатын. Осының құрметіне әрі өзінің құрылғанына 60 жыл толуына орай Renault 4 тұжырымдамасы бойынша AIR4 ұшатын машинасын жұртшылықтың назарына ұсынды. Белгілі бір шектеулерді белгілі бір деңгейде мойындамайтын тәуелсіздік пен бостандықтың символына айналуы тиіс аталған автокөліктің корпусы көміртек талшықтарынан жасалған әрі сыйымдылығы сағатына 22 000 мА-ға жететін батареямен жабдықталған. Қуатпен қоректенуінің жалпы жиынтық сыйымдылығы – сағатына 90 000 мА-ны құрайды. 380 келіге дейінгі салмақта жүк алып жүре алады. AIR4 45 градус көлбеумен секундына 26 метрге дейін жылдамдықпен көлденеңінен ұша алады. Ұшу үшін көтерілу жылдамдығы секундына 14 метрге дейін жетеді, алайда, қауіпсіздік үшін секундына 4 метрге дейін шектелген. Ал қону кезіндегі төмен түсу жылдамдығы секундына 3 метрді құрайды. AIR4 дронды автокөлік 700 метр биіктікке дейін көтеріліп , сағатына 90 шақырым немесе секундына 25 метр жылдамдықпен  ұша алады.

Renault's cult '4' reimagined as a real flying car

 

0 пікір
Мұрағат