Микропластик жүрек-қан тамыр ауруларының негізгі себебіне айналуы мүмкін
Микропластик жүрек-қан тамыр ауруларының негізгі себебіне айналуы мүмкін
3 күн бұрын 509 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Микропластиктің адам денсаулығына үлкен қауіп төндіретіні айтылып келеді. Көлемі бес миллиметрден кіші пластиктің ұсақ бөлшектері ауада, суда, топырақта, тіпті, адам аяғы баса бермейтін Антарктида мен Арктикадағы қардан табылып жатыр. Бұл жайында islam.kz порталы Phys.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Адам әр сағат сайын ауа, ас-ауқат, су арқылы микропластиктің 16 тозаңын жұтады. Организмде жинақталған микропластик тек қабыну тудырып, ауруға бастап қоймай, ем-дом шаралары кезінде дәрі-дәрмектің организмге сіңуіне кедергі келтіреді. Нәтижесінде адамның сырқатынан айығуы  қиындайды. Тіпті, микропластиктің инсульке ұрындыратынын да ғалымдар дәлелдеп берген екен. Бұдан бөлек, жүрек-қан тамыр ауруларына себеп болатыны айтылуда. Сондай-ақ, мамандарды микропластиканың құрамы да алаңдатады: полимерлер мен химиялық заттардың қоспасынан тұратын құрамы аса қауіпті - «Троя жылқысы» деп аталатын әсері бар басқа да улы ластаушы заттарды тасымалдай алады. Атап айтқанда, ғалымдар коалициясының дерегі бойынша коммерциялық пластмассаларда кездесетін 16 мың химиялық қосылыстардың төрттен бір бөлігінен астамы адам денсаулығы үшін қауіпті. Ең қорқыныштысы - микропластиктің мидың қорғаныш қабатынан (гематоэнцефалды тосқауыл) өте алатыны және қанға өтетіні. Қанға өткен микролпластик жүрек-қан тамыр ауруларына бастайды. 

Ұқсас материалдар:

Антибиотиктерді ПЭТ құтысындағы сумен ішудің қандай қауіп төндіретіні анықталды

Суды микропластиктен магнитті нанобөлшектермен тазартудың жолы табылды

Микропластик ұрық сапасын төмендететін болып шықты

Микрропластиктің инусльтқа ұрындыратыны анықталды

Микропластик алдымен ішекке түсіп, өзге ағзаларға тарайтыны белгілі болды

Ғалымдар пластикалық шөлмектегі судың денсаулыққа қаншалықты қауіпті екенін анықтады

Нанопластиктің ішек микробиомына қалай әсер ететіні белгілі болды

Алғаш рет микропластиктің қауіпті ауруға шалдықтыратыны анықталды

Микропластик миға да енуі мүмкін – зерттеу

Зерттеу: микропластик ми жасушаларында қабыну тудырады

Миға жиналған микропластиктің қандай қауіп төндіретіні айтылды

Микротолқынды пештегі пластик млрд нанобөлшек бөледі

Адам әр сағат сайын микропластиктің 16 тозаңын жұтады

Адам аптасына орта есеппен 5 грамм пластик жейді – зерттеу

Тағам қапталған пластик бөлшегі екі сағаттан соң тамақтанған тышқанның миынан табылды

Микропластик адам жасушасының жауына айналуы мүмкін

Адам өкпесінен алғаш рет микропластик табылды

Адам қанынан алғаш рет микропластик табылды

Ота жасалған адамдардың жүрегінен микропластик табылды

Біз тұтынып жүрген азық-түлікке микропластиктің қалай енетінін білгіңіз келе ме

Микропластик қауіпті вирустың сулы ортада аман қалуына көмектеседі

Микропластиктен аса қауіпті бактерия табылып жатыр

Микропластик супер бактерияларға қалай көмектеседі?

Микропластик бактерияның төзімділігін 30 есе арттырады

                                                                                                                          

0 пікір
Мұрағат