Нанопластиктің ішек микробиомына қалай әсер ететіні белгілі болды
Нанопластиктің ішек микробиомына қалай әсер ететіні белгілі болды
4 жыл бұрын 3561 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Пластик ыдыраған кезде ол күлдей ұсақ бөлшектер мен нанобөлшектерге айналады. Бұл жайында islam.kz порталы hightech.fm ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Содан соң су немесе ауа арқылы тірі организмге енеді. Таяуда бұл бағытта арнайы жүргізілген зерттеу нәтижесі көрсеткендей, нанобөлшектер ішектің «флорасы мен фаунасына», яғни, ішек микробиомына әсер етіп, құрамын өзгертетін болып шықты. Бұл денсаулыққа қатер төндіреді. Балық пен сүт қоректілердің жасушаларын пайдалана отырып жүргізілген зерттеу барысында нанобөлшектермен байланысты ген экспрессиясында орын алатын өзгерістер зерделеніп, сарапталған болатын. Омыртқалылардың неврологиялық, эндокриндік және иммундық трактісі адамдікіне ұқсас келеді. Балықтың бойынан пластик нанобөлшектеріне байланысты байқалған кейбір эффектілер адамда да қайталануы мүмкін екенін ескертеді. Аталмыш зерттеуге атсалысқан Барселонияның дербес университетінің (UAB) ғалымы Мариана Телес пластик нанобөлшектерінің балықтың гормондық және иммундық фонына әсер ететінін алға тартып отыр. Пластик нанобөлшектері ішекке тап болғаннан кейін олардың 90%-на дейін сыртқа шығып кететінін жоққа шығармайды. Алайда, кейбір фрагменттері қалып қоятынын әрі молекулярлы деңгейдегілері жасушаға ене алатынын да жасырмайды. Бұл өз кезегінде организмнің микробиом қызметін бұзып қоймай, сонымен қатар, иммундық жүйеге де, метаболизмге де (организмнің зат алмасу процесіне) кері әсерін тигізетінін тілге тиек етті.

Ұқсас материалдар:

«Қоршаған ортада ұзағырақ жатып қалған микропластиктің қандай қауіп төндіретіні айтылды» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/arturli/qorshagan-ortada-uzagyraq-jatyp-qalgan-mikroplastiktin-qandai-qauip-tondiretini-aityldy-14521/#gsc.tab=0);

«Өсімдіктер де пластикпен «қоректенетін» болып шықты» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/arturli/osimdikter-de-plastikpen-qorektenetin-bolyp-shyqty-13766/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат