|
Елде 90 млн га жер тозған
|
Қазақстан – жер көлемі жағынан 9-орында. Ал тозған аумағы 90 млн гектар. Бұл туралы 24.kz ақпарат көзі хабарлады.
Соның 30 млн гектарға жуығы қайта қалпына келмейді. Бойындағы құнары сарқылып бітті деген сөз. Егер еліміздің жалпы ауданын алсақ, 280 млн гектарға шамалас. Соның 183 млн гектары жайылым. Мал жайылатын сол аталған аумақтың тағы 27 млн гектары деградацияға ұшыраған. Енді егістік көлеміне келсек, 24 млн гектар. Бұнда да түрлі табиғи және адами фактор салдарынан сапасы нашарлап жатқаны айтылады.
Топырақтың тозуы 90 га ↔ қайта қалпына келмейді 30 млн га
Елдің жалпы ауданы 280 млн га
Жайылым 183 млн га: деградацияға ұшырағаны 27 млн га
Егістік көлемі 24 млн га
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Мұсылман елі вейпке толық тыйым салмақ
■
Қазақстанда ислами инвестициялық АІ агенті пайда болады
■
Өсімдік ақуызы артық салмақпен күресуге көмектесіп қоймай, қартаю процесін тежейді
■
Шотландия астанасында алғашқы мұсылман мектебі ашылады
■
Қан құрамындағы қант деңгейінің көтерілуіне әсер ететін тағы бір фактор анықталды