Микропластик бауыр мен бүйрекке қарағанда мида 30 есе көп жиналады
Микропластик бауыр мен бүйрекке қарағанда мида 30 есе көп жиналады
42 минут бұрын 32 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Микропластиктің организмдегі өзге ағзаларға қарағанда, мәселен, бауыр мен бүйрекке қарағанда мида 30 есе көп жиналатыны белгілі болды. Бұл жайт алжу мен инусльт қатерін арттырады. Бұл жайында islam.kz порталы халықаралық *Brain Health* мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сарапшылар микропластикті тек қошаған ортаны ластайтын фактор деп қана емес, сонымен қатар, адам денсаулығына қауіпті фактор ретінде қарастыруды ұсынып отыр. Халықаралық зерттеу тобы, соның ішінде Genomic Press және Канададағы Оттава университеті адам миында микропластиканың жинақталуы мен жүрек-қан тамырлары және неврологиялық аурулар арасындағы байланысты жан-жақты талдады. Нью-Мексико университетінің 2016 жылдан 2024 жылға дейінгі өлім-жітімге қатысты талдауының нәтижесі бойынша мидағы микро- және нанопластиканың концентрациясы бауыр мен бүйрекке қарағанда 7-30 есе жоғары болып шыққан. Микропластитктің мида жинақталған мөлшері сегіз жыл ішінде шамамен 50% -ға өскен және ең қорқыныштысы - миына микропластик көп шоғырланған адамдарға деменция (алжу) диагнозы қойылған. Миға жинақталған негізгі компонент - негізінен нанометр өлшеміндегі фрагменттер түріндегі полиэтилен болды. Бұған дейін Италияның Кампаниясыдағы Луиджи Ванвителли университетінің ғалымдары ұйқы артериясының эндартерэктомиясын бастан кешкен пациенттердің қан тамырларының ішіндегі шөгінділерден микропластик тапты. Осындай бөлшектері бар пациенттер тобы 34 ай бақылауда миокард инфарктісінің, инсульттың немесе өлімнің жоғары құрамдас қатерін төрт есе көрсетті. Ал бұл тарапта жануарларға жүргізілген тәжірибе барысында тышқандарға берілген полистирол нанобөлшектерінің екі сағат ішінде гематоэнцефалдық кедергі (мидың қорғаныш қабаты) арқылы өте алатынын көрсетті. Микропластик адам организіміне тыныс алғанда ауамен, тамақтанғанда ас-сумен, т.б. енеді. Ғалымдар микропластитіктен организмді тазартудың да жолдарын қарастырып жатыр. Германиядағы Дрезден техникалық университеті мен Лондонның королдік колледжінің ғалымдары таяуда терапевтік аферездің адам қанының плазмасынан микропластикаға ұқсас заттарды алып тастай алатынын анықтады. Сарапшылар бұл әдісті организмнен микропластиканы жоюдың бір тиімді тәсілі ретінде қарастырып отыр. Алайда, сарапшылар аталған дәрілік заттың нақты емге айналғанға дейін елеулі кедергілерге ұшырайтынын атап өтті. Өлшеудің стандартталған технологиялары әлі күнге дейін нақты пластикалық бөлшектердің қаншалықты зиянды екенін, адам тіндерінде қанша мөлшерде бар екенін және алып тастағаннан кейін ауру қаупі қаншалықты төмендейтінін тексеруге мүмкіндік бермейді.

0 пікір
Мұрағат