Жасушаның «қауіпсіздік белдігі» болатыны анықталды
Жасушаның «қауіпсіздік белдігі» болатыны анықталды
44 минут бұрын 40 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Халықаралық цитологтар тобы алғаш рет актинді филаменттердің бір бір секундқа жетпей жасуша ядросының айналасына жиналып немесе шоғырланып, оны механикалық  күрт соққыдан қорғайтынын анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы Cell Press мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жасушалардың біртіндеп немесе баяу жаншығанға бейімделе алатыны бұрыннан белгілі. Алайда, кенеттен соққыға қалай төтеп беретіні, дәлірегі, қатты соққыға, қан тамырларының пульсациясына немесе бұлшық еттердің қозғалысы кезінде бір сәтте қысылуына қалай төзетіні құпия болып келген еді. Таяудажүргізілген зерттеу авторлары  жылдамдығы жоғары микроскопияны қолданып, цитоскелеттің кенеттен болатын стресске реакциясын қадағалады. Жасушаның ішінде актин ақуызынан жасалған желі бар. Тыныш жағдайда ол икемді қаңқа ретінде жұмыс істейді. Бұл бағыттағы тәжірибе жасушаның пішіні кенеттен өзгергенде, актинді микрониттер бір секундқа жетпейтін уақыт ішінде қайта түзілетінін және ядроның айналасында қатты сақина құрайтынын көрсетті. Мұндай импровизацияланған корсет (жасанды жолмен ұйымдасу) сыртқы соққының кинетикалық энергиясын өзіне алады. Мұндай қорғауы болмаса әлсіз ядролық мембрана сөзсіз жарылып кетер еді, ал бұл жайт өз кезегінде генетикалық материалдың зақымдануына және жасушаның жойылуына әкелер еді. Қорғанысты іске қосу үшін негізгі триггер оның күшінде емес, деформация жылдамдығында жатыр. Бұл жаңалық метастаздау (қатерлі ісік жасушаларының организмге жайылу, таралу) кезінде жасушалар арасындағы тар кеңістік арқылы көшу барысында обыр жасушаларының өз ядроларын қалай қорғайтынын түсінуге көмектеседі. Бұл жаңалық, сондай-ақ, бұлшықет дистрофиясын емдеудің тың тәсілдерін ашуға көмектеседі. 

0 пікір
Мұрағат