Балаларға жасанды зерде чат-боттарымен «достасуына» тыйым салынады
Балаларға жасанды зерде чат-боттарымен «достасуына» тыйым салынады
1 сағат бұрын 51 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Жасанды зердеге балалармен тілдескенде эмоциясын білдіруге тыйым саалынады әрі балалар үшін мұндай АІ үлгісін ұсынғандар мен әзірлеушілерге аса ірі мөлшерде айыппұл салынады. Бұл жайында islam.kz порталы Сursorinfo.co.il ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Нью-Йорктің заң шығарушы органы кәмелетке толмағандарды АІ-компаньондардың көптеген дағдылы функцияларына қол жеткізуден айыратын заң жобасын мақұлдады. Егер құжатқа губернатор ресми түрде қол қоятын болса, технологиялық саланы реттеудің жаңа ережесі 2027 жылдың қаңтар айының 1-нен бастап күшіне енеді. Бұл бастама балалар психикасын виртуалды сұхбаттасушыларға эмоциялық тұрғыдан тәуелділіктен қорғауға бағытталған. Жаңа регламент АІ әзірлеушілерге контентті сүзгіден өткізу және чат-боттардың, егер оларды балалар пайдаланатын болса, жүріс-тұрыс алгоритмдерін өзгерту бойынша қатаң міндеттемелер жүктейді. Атап айтқанда, компаниялар өздері әзірлеген жасанды зерденің шынайы адамның мінез-құлқын, эмоциясын көрсетпеуін және жас пайдаланушыларға жағу мақсатында түрлі қылық көрсетпеуін қатаң қадағалауға тура келеді. Бұдан басқа, цифрлы ассистенттерге анайы сипаттағы контент жасауға, жасөспірімдерді өмірге қауіпті іс-әрекеттерге шақыруға немесе ынталандыруға қатаң тыйым салынады. Бұл тараптағы ереже талаптарын сақтамағаны үшін салынатын қаржылық санкциялар Кремний алқабына ауыр соққы болмақ. Әрбір тіркелген заң бұзу фактісі үшін чат-боттың иесіне 25 мың долларға дейін айыппұл салынады, сондай-ақ, компанияның осындай заңға томпақ келетін жолмен алған барлық коммерциялық пайдасы, соның ішінде таргеттелген жарнамадан түскен табысы тәркіленеді. Бұл ретте заң шығарушылар бизнестің жұмысын әлсіретпеу үшін маңызды ерекшеліктерді қарастырды. Интернет-дүкендердің стандартты виртуалды кеңесшілеріне, техникалық қолдаудың автоматтандырылған чаттарына және тек жұмыс немесе оқу міндеттерін орындауға арналған жасанды зердеге мұндай шектеулер қойылмайды.

0 пікір
Мұрағат