Немістер «мәңгі» кроссовка ойлап тапты
Немістер «мәңгі» кроссовка ойлап тапты
40 минут бұрын 31 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Неміс ғалымдары қайта өңдеу арқылы жаңа кроссовкаға айналдыруға болатын технология ойлап тапты. Спорттық аяқ киім туралы тұжырымдама ең бастысы аяқ киім индустриясының басты проблемасын шешуге - пластиктен басталып, матамен аяқталатын түрі материалдан тігілген аяқ киімдердің тау-төбе қалдығын кәдеге жарату арқылы қоршаған ортаны ластамауға бағытталған. Бұл жайында islam.kz порталы fraunhofer.de дерек көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ресурсты үнемдеуде маңызы зор әрі экологиялық тиімділіні жоғары бірегей жобамен Германиядағы Fraunhofer институтының зерттеушілері айналысады. Олар спорттық аяқ киімге арналған «бағдарламаланатын мономатериалмен» жұмыс істейді. Басты идея - қалам, мата, резеңке және пластиктің әдеттегі үйлесімінің орнына бір материалдан жасалған кроссовка әзірлеуге саяды. Бүгінде жүгіруге арналған кроссовкалар жоғары технологиялық өнімдер санатына енген: өндірушілер моделдің жеңілдігі, амортизациясы (аяқ терлегенде пайда болатын жағымсыз иісті болдырмайтын) және энергия тиімділігі бойынша бәсекелестікке түседі. Алайда, спорттық аяқ киімнің мұндай құрылымы қайта өңдеу процесін қиындатады. Аяқ киімнің жоғарғы жағы тоқымадан, табаны көбік пен резеңкеден, ал жекелеген элементтері пластиктен жасалады. Тозғаннан кейін осының бәрін қайталап пайдалану үшін оларды бір-бірінен ажыратып бөлу іс жүзінде мүмкін емес. Жүгіруге арналған кроссовкалардың орташа қызмет ету мерзімі шамамен 800 шақырымды құрайды. Белсенді жүгірушілер әр 4-6 ай сайын аяқ киімін жаңасына ауыстырады. Қолданыстағы қайта өңдеу бағдарламалары ескі немесе тозған материалды әдетте балалар алаңдарын жабуға арналған ұнтаққа айналдырады. Fraunhofer бұл тарапта мүлдем басқа тәсілді ұсынып отыр. Ғалымдар термопластикалық сополиэфирлік эластомерді пайдаланады - оның қасиеттері пішіні мен құрылымы есебінен өзгертуге болатын бірыңғай материалдан табылады. Мысалы, аяқ киімнің өкшесі жұмсақ және амортизациялық болып қалуы мүмкін, ал алдыңғы бөлігі денені серпу үшін неғұрлым қатты болуы мүмкін. Ол үшін материал табақтары (қалыптары) қыздырылады және арнайы жааныштау қалыптарда құйылады. Қаттылығы түрлі қабаттары мен ішкі құрылымдары табанның жекелеген аймақтарына қажетті сипаттамаларды дарытады. Содан кейін қабаттар біртұтас конструкцияға жиналады. Үсті де, табаны да полиэфирлі негізде жасалатындықтан аяқ киімді теориялық тұрғыдан қызмет ету мерзімі аяқталғаннан кейін толық өңдеуге және жаңа нұсқасын өндіру үшін шикізат ретінде пайдалануға болады. Fraunhofer мономатериалдық кроссовкалар тұжырымдамасыныңң тиімділігін тексеру үшін әлемге әйгілі Puma брендімен ынтымақтасты. Әзірлеушілердің айтуынша, сынақтар нәтижесі тұжырымдаманың немесе технологияның нақты прототиптерді жасауға және жаппай өндіріске жарамды екенін растады.

Пример подошвы из эластомера.

 

0 пікір
Мұрағат