Халал секторы бір мемлекеттің жалпы ішкі өнімінің 27 пайызына жетті
Халал секторы бір мемлекеттің жалпы ішкі өнімінің 27 пайызына жетті
1 сағат бұрын 31 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Индонезиядағы халал өнеркәсібі мен шариғат талаптарына сай экожүйенің ел қазынасына қосар үлесі 274 млрд долларға жеткен немесе жалпы ішкі өнімнің 27 пайызын құрап отыр. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде аталған елдің халал өнімдермен қамтамасыз ету жөніндегі агенттік (BPJPH) келтірген дерекке жөн сілтеген metrotvnews.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Оңтүстік-шығыс Азиядағы осынау мұсылман елінде халал сертфикатталған өнімнен нақты брендке айналып келеді. Бұған ең алдымен жергілікті тұрғындарының денін мұсылмандар құрайтын фактор себеп болған. Яғни, халал өнімдердің кеңеюіне мұсылман тұтынушылары себеп болып отыр. Индрензияда халал индустриясы өнімдерді сертифиткаттау процедурасынан жеткізу тізбегіне, логистикаға, спуда-саттыққа, т.б. дейін қамтыған. Халал өнімдер қауіпсіздігі мен сапасы жағынан Индоензияның жаһандық бәсекеге жарамдылығын арттырып, экономиканың маңызды тірегіне айналып келеді. Халал өнімдер ел экономикасының қосымша құндылығына айналған. Халал өнімдер діни ұғым аясынан көтеріліп, замануи саламатты өмір салтының ажырамас бөлігіне айналып келеді. 

0 пікір
Мұрағат