«Мен мұсылман боп туғанмын, кейін тек куәлік еттім»
«Мен мұсылман боп туғанмын, кейін тек куәлік еттім»
8 жыл бұрын 4008 Ян Гордеев

Наным-сенімі өзге адамдардың хақ жолға түсіп, исламды қабылдауы түрлі қиыншылықтармен қатар жүреді. Кей жағдайларда осы қадамы үшін дос-жарандары, туған-туыстары одан теріс айналып жатады. Ол ол ма, жанындағы жары да тастап кетеді. Адам мұсылман боп туады, бірақ, кейін әке-шешесінің немесе өскен ортасының ықпалымен басқа жолға түсіп кетеді. Бұл турасында хадис барын да білесіздер. Бұл жолғы әңгімеміздің кейіпкері Ян Гордеев — Татарстандағы бұқаралық ақпарат құралдарындағы ең көп оқылатын жаңалықтар онлайнының редакторы. Ол өзінің жеке басына қатысты сырмен бөлісіп, «Inkazan» басылымына сұхбат берген екен. «Осы жылдың сәуір айында «Танымал 100 орыс мұсылман» атты кітап жарық көрді. Мені сол кітапқа енгізіпті. Қалжың емес, мені 100 санын толтыру үшін қоса салған. Меніңше, оны Мәскеу мемлекеттік университетінің исламтанушысы Силантьев жарыққа шығарған. Мен бұл тізімге қандай еңбегіммен кіргенімді білмеймін. Кітапты оқыған емеспін, бірақ, ол турасында айтып берді. Мен, тіпті, исламды қабылдағанымды ешкімге айтып жүргенім жоқ. Бұл – жеке басымның ісі. Әрине, бұл турасында білетін жақын адамдарым бар. Әйтсе де өзім жайында жағымсыз сөздер естіп қаламын. Ондайда өзімді жаман сезінемін. Көзіме де шұқиды. Кейде «опасыз» деген сөзді де естіп қаламын. Мұның қай жерінен опасыздық көріп тұрғанын түсінбеймін. Орыс баласы болып, бір кездері исламды қабылдағаным үшін бе? Сол себептен шығар, бұл тақырыпта сөз қозғағанды қаламаймын. Әлі күнге дейін православтарға да, христиандарға да қатысты тақырыптарды, тіпті, исламофобиялық тақырыпта да сөз қозғағым келмейді. Түрлі қауесеттерді естіп жатамын, мысалы, мені «уахаббит» деп, сыртымнан күстәлап жатады.  Күлкіңді келтіреді, әлбетте. Отбасымыз – этиникалық орыстар, дәстүр бойынша біз православтармыз. Алайда, үйіміз мешіттің жанында болғандықтан, анамның барлық құрбысы – татар мұсылмандары еді. Әлі есімде, Қазан қаласындағы мешітке жиі баратынбыз. Сол себепті, мен өз көзіммен көріп, бәрін салыстыруғағ жүрегіме үңілуге мүмкіндік алдым. Кейін есейгенде шешім қабылдадым. Мұсылман боп туғанмын деп есептеймін өзімді, кейін тек куәлік келтіргенім ғана болмаса, Мен өте діндар адаммын. Жаратушының бар екенін әйгілейтін дәлелдер қоршаған ортада толып жатыр. Қандай да бір жануарға немесе табиғатқа қарасаң – Ол осының бәрін қалай асқан шеберлікпен жаратқан деген ойға қаласың.

1 пікір
Мұрағат