Кактустан тері алу тәсілі табылды (фото)
Кактустан тері алу тәсілі табылды (фото)
4 жыл бұрын 3501 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Адриан Лопес Веларде және Марте Касареза есімді мексикалық кәсіпкерлер кактустан тері алу тәсілін тапқандарын жария етті. Бұл жайында орыс тілінде хабар тарататын life.ru ақпарат көзі мәлім етті. Мексикалық кәсіпкерлердің айтуынша, кактустан алынған тері малдың терісінен кем емес. Есесіне экологиялық жағынан тиімді, яғни, қоршаған ортаға зиян келтірмейді. Ғалымдардың айтуынша, олардың бұл жаңалығы тері әрі тоқыма индустриясында төңкеріс жасайды. Адриан Лопес Веларде және Марте Касареза сән және жиһаз индустриясында жұмыс істеген еді. Өздерінің кәсібін ашқанша. Осыдан бірнеше жыл бұрын жұмыстан қуылғаннан кейін әлемді өзгертетін жаңалық ашып, адамзатты өздеріне жалт қаратуды алдарына мақсат етіп қояды. Өткен жылы бұл мақсаттарына жетеді де. Табандылық танытып. Кактустан тері алу тәсілін табады. Кактус көп суды қажет етпейтін жоғары әне төмен температураға төзімді өсімдік. Барынша мықты әрі сонымен қатар, мейлінше икемді өсімдік. Өздері экологияға зиянсыз бұл органикалық теріні «Вегандық тері» атап кеткен болатын. Малдың етін, жүнін, тұяғын, мүйізін, сүтін тұтынбайтын вегетериандардың құрметіне емес, малдың терісі болмағаны үшін осылай атап кетті. Ешқандай химиялық зиянды зат кездеспейтін органикалық материал. Мексикалық кәсіпкерлер кактусты Сакатекас штатындағы өздерінің ранчосында (яғни, шаруа қожағылында) өсіреді. Олар алдымен өсіп жетілген кактустың жапырағын кесіп алып, тазалап, ботқаға айналдырады. Артынан күн көзіне кептіріп, өңдеуге кіріседі. Мексикалық кәсіпкерлер кактусты қалай теріге айналдырады? Олар бұл технологияны коммерциялық мақсатта құпия ұстап отыр әрі патенттеп алды. Органикалық материалдың сапасы мал терісінің сапасынан кем емес. 

В Мексике производят кожу из кактусов 

0 пікір
Мұрағат