Жарықтың тағы бір тиімділігі анықталды
Жарықтың тағы бір тиімділігі анықталды
6 ай бұрын 985 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Жарық терапиясы әдетте ұйқыны жақсарту үшін, сондай-ақ, иммундық жүйені көтеру үшін де қолданылады. Бұл жайында islam.kz порталы eLife мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдар жарықтың әсері адамның когнитивті қабілеттерін жақсартуға да көмектесетінін анықтады. Олар мұны мидың гипоталамус деп аталатын бөлігіне әсерін тигізетіндігімен байланыстырады. Жарықтың биологиялық әсері талай жылдан бері  зерттеліп келеді. Бұл бағытта миға жарық сәулелерін жіберетін көз торының кейбір жасушалары арасындағы байланыс анықталды. Жарық мидың бірнеше аймағына, соның ішінде гипоталамусқа неғұрлым қарқынды әсер етеді. Мидың бұл бөлігі, сондай-ақ, адамның циркадтық (ішкі биологиялық ырғақ) ырғақтарымен байланысты және ұйқы мен когнитивті функцияларға жауап береді. Бұл тараптағы тәжірибеге дені сау, тепсе темір үзетін 26 жас жігіт қатысты. Жарық деңгейінің жоғарылауы артқы гипоталамустың белсенділігін арттырған. Ал жарық спектрі жоғары болған кезде алдыңғы гипоталамустың белсенділігі төмендеген. Жарық деңгейі жоғары болса, адамның танымдық қабілетін көтеретінін көрсетті. Бұл жаңалық, ғалымдар атап өткендей, психологиялық терапияда жарықты тиімдірек пайдалануды ұйғаратын әдіс-тәсілді қолдану мен болашақ зерттеулерді жаңа белеске көтеруге мүмкіндік береді.

0 пікір
Мұрағат