Үй жануарларын қарыз үшін алуға заңмен тыйым салынды
Үй жануарларын қарыз үшін алуға заңмен тыйым салынды
3 жыл бұрын 1516 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

РФ мемлекеттік думасы Азаматтық процессуалдық кодекске енгізілген бұл тараптағы түзетуді бірінші оқылымда қабылдап тастады. Бұл жайында islam.kz порталы ресейлік бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш заң жобасы бойынша қарыз үшін алынбайтын ауыл шаруашылық жануарларына бизнесте пайдаланылмайтын үй жануарлары да қосылатын болады. Осынау заң жобасын әзірлеуге атсалысқан Мемлекеттік думаның мемлекеттік құрылыс және заңнама жөніндегі комитет жетекшісі Павел Крашенинниковтың түсіндіруінше, бұл заң үй жануарларына мейлінше ізгі көзқарас қалыптастыру мақсатында қабылданып отыр. Осы заң қолданысқа енген бетте қарызға батқан қожайынынан қарызды қайтарғанша кепіл ретінде мәжбүрлеп алынған үй жануарлары қожайындарына қайтарылатын болады.

0 пікір
Мұрағат