Түйенің шөлге төзімді болуының сыры ашылды
Түйенің шөлге төзімді болуының сыры ашылды
3 жыл бұрын 9842 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ылғал тапшылығы туындаған жағдайда түйе бүйрегінің жасушаларындағы ген қызметі өзгереді: мембрананың (Жарғақ (мембрана) — жасушаларды, олардың ядролары мен цитоплазмасындағы жарғақты органеллаларды шектеп түратын жұқа қабықша. Жасушадағы зат алмасу процестері жарғақтың қатысуымен жүреді. Сондықтан, оны биологиялық жарғақ деп те атайды) өткізу қабілеті барынша төмендейді, осылайша суды молынан сүзіп алып қалады. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Communications Biology ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Түйе – жері шөл және шөлейтті болып келетін Таяу Шығыс халықатырының негізгі символдарының бірі. Шөл кемесі атанған жануар бірнеше күн бойы, тіпті, апталап су ішпей жүре алады. Бұған түйе организімінің ерекшелігі көмектеседі, дәлірегі, өркешіне майдың жиналуы суды үнемдеуге мүмкіндік берсе, тұмсығы атмосферадағы ылғалдың мөлшерін сезеді (судың қайда екенін таба алады). Түйе бүйрегі суды сүзгіден өткізе отырып, тұз мөлшері көп зәр шығарады. Төрт түлік төресі атанған жануар организімінің мұндай ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін Фернандо Алвира-Ирайзос (Fernando Alvira-Iraizoz) бастаған араб және ағылшын ғалымдары араб түйесіне (Camelus bactrianus) бұл тарапта арнайы тәжірибе жүргізірп көрген екен. Нәтижесінде түйе бүйрегінен ылғалды мейлінше аз шығындайтын жасуша тетігін тапқан. Түйе бүйрегі қан плазмасын сүзгіден өткізеді, нәтижесінде бірнеше кезеңнен кейін зәр қалыптасады. Жасуша тетігі қан құрамындағы су мен ондағы ерітінді заттарды тиісті деңгейде сақтауда маңызды рөл ойнайды. Ол себепті, зәрдің шоғырлану деңгейі белгілі бір шектен аспайды – одан енді су бөлінуі мүмкін емес: ерітіндіні сұйылту үшін ылғал осмос процесінің (Биологиялық тұрғыдан осмос дегеніміз - басқа заттың концентрациясын тепе-теңдікке келтіру үшін, жартылай өткізгіш мембрана арқылы бір заттың қозғалу процесі. Мысалы, биологиялық жасушада су молекулалары жасушаның жартылай өткізгіш плазмалық мембранасы арқылы жасуша ішіндегі және сыртындағы ерітінді концентрациясын (мысалы: тұз концентрациясын) теңестіру үшін қозғалады. Осмос - бұл енжар ​​процесс, ол жасушаның ешқандай энергия тұтынуынсыз өздігінен жүреді. Осмос биохимиялық ерітінділермен айналысады) ықпалымен жасуша мембранасы арқылы өзі бөлінген жерге қайта ұмтылатын болады. Ғалымдар бұл процестің түйенің бойында қалай жүретінін анықтау үшін оның бүйрек жасушасындағы гендердің белсенділігін қадағалап көрген екен. Бұл бағытта ғалымдар шөлден қаталаған кездегі және шөлін қандырған кездегі гендері мен ақуыздарының жиынтығын салыстырып көреді. Белгілі болғандай, үнемдеу режиіміне көшкен кезде холестерин метаболизміне қатысатын гендер экспрессиясы өзгеретін болып шықты. Бұл май молекулалары мембрананың өткізу қабілетін реттеуге мүмкіндік беретін жасуша өмірінде маңызды рөл ойнайды. Мембаранада холестерин неғұрлым көп түзілсе, оның тұтқырлығы соғұрлым азаяды, нәтижесінде одан су мен кейбір молекулалар оңай өтетін болады. Сол себепті, ылғал тапшылығына ұшыраған кезде түйе бүйрегіндегі жасушаларда холестерин метаболизмі басылады. Бұдан бөлек, аталған жануардың бойында мембрана арқылы су мен иондарды таситын транспорттық ақуыздар белсенді әрекет етеді. Сосын түйенің ылғалды сақтай алуының тағы бір сыры оның жүнінде жатыр. Жүні қырқылған түйе бойындағы ылғалдың 50%-дан астамын жоғалтады. Шөлді мекен ететін адамдардың әдетте түйе жүнінен тоқылған шапанмен жүруінің сыры түйе жүнінің ылғалды жақсы сақтайтын қасиетінде жатыр. Адам терлегенде ол буланып, салқындататын күйге енеді.

0 пікір
Мұрағат