Сонаның жемтік іздеп суға сүңгігені тұңғыш рет таспаға тартылды (видео)
Сонаның жемтік іздеп суға сүңгігені тұңғыш рет таспаға тартылды (видео)
3 жыл бұрын 4030 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар паразит сонаның су астынан құртты алып шығып, оған жұмыртқалау үшін суға сүңгігенін тұңғыш рет таспаға тартып алды. Паразитті соналар су бетінде жүре алады, алайда, олардың арасында су астынан жемтігін аулайтындары сирек. Осы уақытқа дейін жемтігі үшін суға сүңгігені байқалмаған болатын. Төмендегі видео – мұндай түрінің барын растайтын, бұлтартпайтын айғақ. Әдетте паразитті соналардың көбісі су бетінде емін-еркін қозғала алады. Ғалымдардың мәлімдеуінше, осынау жәндіктің бүгінде белгілі түрлерінің 0,1%-ға жетпейтіні ғана жемтігі үшін суға сүңги алады немесе су астында өсіп-жетілетін жәндіктер личинкасы ішінде тіршілік етеді. Microgastrinae тобында сонаның екі түрі ғана су сонасы саналып келген еді, олар суда тіршілік ететін күйе құртының есебінен ұрпақ өрбітетін. Ал бірақ, осы уақытқа дейін ғылымға белгілі болғандарынан жемтігі үшін суға сүңгитіні байқалмаған еді. Төмендегі видеодан паразитті сонаның Elophila turbata деп аталатын күйе личинкасы үшін суға сүңгігенін тамашалай аласыздар. Құртты су бетіне шығуға мәжібүрлеп, оған жұмыртқалағанына куә боласыздар.

0 пікір
Мұрағат