Шымкент циркі аңдарды пайдаланудан бас тартты
Шымкент циркі аңдарды пайдаланудан бас тартты
3 жыл бұрын 2202 tengrinews.kz

"Шымкент-цирк" нөмірлерінде аңдарды пайдаланудан бас тартады. Тәжірибелік жоба биыл наурыздан бастап көрсетілмек. Бұл жайында massaget.kz ақпарат көзі мәлім етеді.

Ұжым жаңа бағдарламасын Instagram желісіндегі парақшасында таныстырды. Цирк өкілдерінің сөзінше, әлемнің 45-тен аса елі цирктерде жабайы аңдарды пайдалануға толығымен тыйым салған. 

 Осылайша "Шымкент-цирк" келесі бағыттар бойынша жұмыс істейтін болады:

• Клоунада және шапито

• Шабандоздық және каскадерлік

• Жонглерлік ету және эквилибристика

• Әуе гимнасттары

Жаңа эксперименттік цирк бағдарламасы Наурыз мерекесі аясында және қазақ балуаны және цирк әртісі Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығына орай "Дю Солей" циркінің үздік әдістемелерін пайдалана отырып, ұлттық колориттің сақталуымен таныстырылады.

0 пікір
Мұрағат