Өкпесіз өмір сүретін бақа (фото)
Өкпесіз өмір сүретін бақа (фото)
5 жыл бұрын 4460 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Калимантандық барбурула (Barbourula kalimantanensis) бақасы Индонезия аумағын мекендейді. Оның өкпесі жоқ, яғни, құрлықтағы өмірге осынау аса маңызды физиологиялық ағзасыз бейімделген құйрығы жоқ жалғыз амфибия.

Калимантан барбуруласы тұңғыш рет 1978 жылы аталған елдің аумағында ағып жатқан, дәлірегі, Калимантан аралының батысындағы Пиноһ деп аталатын өзенінен табылған болатын. Индонезиялық герпетолог Джоко Ескендір (Djoko Tjahjono Iskandar) бақаны алғаш сипаттап жазған ғалым. Бұл бақа Barbourulaтектестерден белгілі екінші түр, алғашқысы филиппиндік барбурула (Barbourula busuangensis), ол 1924 жылы ғылымға белгілі болған. Жалғыз данасы қарнын жармай зерттелгендіктен бақаның ондай (өкпесі жоқ) өзгешеліг байқалмаған еді. Тек 2007 жылы екі популяциясынан бірнеше түрі ауланғанда – міне, сол кезде бұл амфибияның ішкі құрылымы зерделенген болатын: оның тек өкпесі ғана емес, сонымен қатар, көмей мен кеңірдектен де жұрдай тіршілік иесі болып шықты.

Рот и глотка обычной лягушки и калимантанской барбурулы

(A)  — бақаның аузы мен жұтқыншағы, яғни, өңеші (Rana catesbeiana), (B) — қызылмен шеңбер етіп сызылған тұста көмейге барып тірелетін дауыс саңылауы, аржағында тілі мен ас өтетін саңылау бар; Фото D. Bickford et al., 2008. A lungless frog discovered on Borneo мақаласынан алынды. 

Өкпесі жоқ бұл бақа ғана емес, сонымен қатар, қос құрлықты мекен ететіндерден 350-ден аса түрі бар құйрықты амфибиялар арасында жетіп артылады – мәселен, саламандра (Plethodontidae). Сондай-ақ, тритонда да (Onychodactylus) өкпе жоқ. Atretochoana eiselti және Microcaecilia iwokramaeқұрттарында да аталмыш ағза жоқ. Бұл тіршілік иелері өкпесіз қалай өмір сүреді? Бұл сауалдың жауабы тәжірибе барысында табылды. Егер кәдімгі бақадан өкпесін алып тастап, оны ылғалдылығы жоғары, бөлме температурасынан төменгі температурадағы ортада ұстаса, ол біршама уақыт тіршілігін жалғастырады. Егер оның терісін маймен сыласа, ол тез өледі. Яғни, олар терісімен «тыныс алады». Амфибиялар өздері тұтынатын оттегінің жартысын терісі арқылы алады. Сол себепті, олардың терісі ылғалды әрі шырышты болып келеді – өйткені, ылғалда атмосферадағы оттегі жақсы «ериді». Мұндай тыныс алу тәсілі көптеген амфибияны суға жіпсіз байлап қойған десе де болады. Ал өкпесі жоқ өзге амфибмяларға қарағанда калимантан барбуруласы тыныс алуда терісін 100% толық пайдаланады. Сол себепті, оның терісі қыртысты, әжімді болып келеді. Ал жазған кезде көлемі әжептәуір аумақты болады – бұл оның тыныс алуын жеңілдетеді.

Barbourula kalimantanensis

Солында —Калимантан  картасы. Онда  калимантан барбуруласы тіршілік ететін аралдың бөлігі көрсетілген, ал оңында — калимантан барбуруласы, алдынан қарағанда (В) және жанынан (бүйірінен) қарағанда (С). Фото D. Bickford et al., 2008. A lungless frog discovered on Borneo мақаласынан алынды.

Сондай-ақ, аталмыш амфибияның тіршілік ету ортасының қандай маңызын барын айта кету керек. Калимантан барбуруласы негізінен суы мөлдір әрі суық өзенде – 0,5-тен 5 метрге дейінгі тереңдікте, белгілі бір деңгейде ағыны қатты өзенде тіршілік етеді. Ал су қоймаларындағы әрі жылы әрі суы лай өзендерде оттегінің мөлшері аз. Яғни, мұндай орта аталмыш амфибияға қолайсыз. Ал ағысқа қарсы жүзу үшін бақаның табаны ескекке ұқсайды. Ал аталған бақа терісінің қошқыл қара, яғни, қоңыр болуы жауынан қорғану үшін тастар арасында көз алдап жасырынуға көмектеседі. Десе де суы тұнық ортада тіршілік етуі оның тұқымын тұздай құртатын факторға айналып отыр. Браконьерлердің ашкөздігіне бөлек, орман аяусыз оталып жатыр. Бұл өз кезегінде судың лайлануына, яғни, тұнықтығын жоғалтуына, ағаш қалқалаған, көлеңкесін түсірген өзенддер аршылып, жылынып жатыр. Бұлардың бәрі бақаның кемуіне апарып соқтыруда. Ондай суда бақа өмір сүре алмайды.

Плоская калимантанская барбурула

0 пікір
Мұрағат