Былтыр киіктердің саны 152 600 болған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
|
Биыл киіктердің саны 62 400 басқа көбейді
|
ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет жыл сайын сәуір-мамыр айларында ғылыми қызметкерлермен бірігіп, әуе санақ жүргізетіндерін айтты.
«Экстраполяциялық жұмыстың қорытындысы бойынша жалпы санақтың есебі анықталады. Былтыр киіктердің саны 152 600 болса, биыл 215 100 басты құрады», - деп жазды ол Фейсбуктегі парақшасында.
Әлеуметтік желі қолданушылары бұл ақпаратқа қатысты пікір білдіріп, ойларын жазды.
«Киік – киелі жануар. Автордың айтқысы келгені «киікті қыру арқылы көп қиындық көріп жүрмейік» дегені шығар. Түз тағысын аялап, қорғау əр қазақтың азаматтық борышы», - деп жазды Хафиз Искаков есімді әлеуметтік желі қолданушысы.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қырғызстан аумағында қанша мешіт бары белгілі болды
■
Малайзия осымен 14-ші жыл қатарынан ислам қаржысы бойынша көш бастап келеді
■
Бұдан былай дәнекерлеушіні робот алмастырады (видео)
■
Инженер оттың көмегімен азық-түлікті суытатын тоңазытқыш ойлап тапты (видео)
■
Мұсылман елдерінің арасында криптовалютаны белсенді енгізіп жатқан ел аталды