Фастфудтың миға орасан зор кері әсері анықталды
Фастфудтың миға орасан зор кері әсері анықталды
1 жыл бұрын 1314 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Фастфуд пен өзге де ультраөңдеуден немесе шектен тыс өңдеуден өткен тағам түрлері адамның қандай бар нәрсеге назар аударына әрі үйренуіне жауапты ми аймағын кішірейтетін болып шықты. Бұл жайында islam.kz порталы The Guardian ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш дерек көзіне осы төңіректе сұхбат берген Елис Жека есімді тағам писхиатрының айтуынша, Ішектегі бактериялардың адамның стреске, серотонин деңгейіне және ми мен психикалық функциямен тығыз байланысты басқа аспектілерге қалай жауап беретініне ықпал етуі ықтимал. Оның айтуынша, ғалымдар бұл процестің барлық қыр-сырын әлі ашқан жоқ, дегенмен, олар адамның тұтынған тағамының ми жұмысына сөзсіз әсер ететінін біледі. Осылай деген білікті маман апталап шектен тыс өңделген тағамдарды ғана тұтынған жасөспірімнің гиппокампына (адам ұзақ мерзімді жадысына жауап беретін әрі қандай да бір нәрсеге назар аударуына ықпал етіп, эмоциясын қалыптастыратын ми бөлігі) теріс әсер ететіні ғылыми тұрғыдан тәжірибе арқылы дәлелденіп отырғанын яғни, конгнитивті қабілетін нашарлататынын алға тартты. Гиппокамп — өмір бойы бірде үлкейіп, яғни, ұлғайып немесе кішірейетін мидың бірден-бір жалғыз аймағы.

0 пікір
Мұрағат