Ершігі бар VabsRider велосипеді құрастырылды (видео)
Ершігі бар VabsRider велосипеді құрастырылды (видео)
1 ай бұрын 446 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

2016 жылы Робин Макан есімді австралиялық инженер екі бөлігі педалдың айналуымен бірге айналатын велосипед ершігін ойлап тапқанда оның жобасына дизайнер Филипп Гичард пен Мелбурндағы Whistle Design Group компаниясы ғана назар аударған еді. Бұл жайында islam.kz порталы  techcult ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Олардың күш-жігерінің арқасында толыққанды коммерциялық өнім пайда болды - vabsRider велосипед ершігі. Көп ұзамай оны ataraxyBSC стартап веб-сайты арқылы сатып алуға болады, десе де бағасы әлі жарияланған жоқ. Соңғы жыдары етек алған саламатты өмір салтына байланысты жаңа өнім сұранысқа ие болмақ. Веб-сайттың сипаттамасына сәйкес өзгеше ершіктің инновациялық дизайны жамбас буындарының айналасында ойша осьте айналу арқылы аяқтың жеке қозғалысына мүмкіндік береді. Нәтижесінде күш немесе салмақ отыру сүйектерінен жамбасқа ауысады және екі жаққа біркелкі бөлінеді. Жаңа ершікте оңтайлы биіктікті, бұрышты және енді орнатуға мүмкіндік беретін реттеу жүйесі бар.

0 пікір
Мұрағат