Ерлер гормоны соңғы жырты ғасырда екі еседен астам төмендеген
Ерлер гормоны соңғы жырты ғасырда екі еседен астам төмендеген
1 сағат бұрын 34 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Соңғы елу жылда күллі әлем бойынша ерлердің тестостерон деңгейі екі еседен астам төмендеген. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде еуропалық адамды жасанды жолмен ұрықтандыру және эмбриология қоғамдастығының зерттеу нәтижесіне жөн сілтеген The Guardian мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Лондондағы аталмыш қоғамның жыл сайынғы жиналысында ұсынылған мәліметтерге сәйкес 1972-2019 жылдар аралығында ерлердегі тестостеронның жалпы деңгейі 54% -ға төмендеген. Мұндай қорытынды Израилден, Құрама штаттардан, Бразилиядан, Финляндиядан және Даниядан 118 мың адамды қамтыған зерттеу деректеріне негізделген.  Хагай Левин есімді израилдік профессор тестостеронның жалпы деңгейінің жыл сайын 1% -дан астам төмендеуін кездейсоқ құбылысқа немесе статистикалық қателікке жатпайтынын атап өтті. Зерттеушілердің пікірінше, 2000 жылдан бастап ерлерде тестостерон деңгейінің төмендеу қарқыны жеделдеген сияқты. Бұған түрлі тұрмыстық заттардағы зиянды химикаттар мен жаһандық жылыну қарқыны ықпал етуі мүмкін. Бұдан бөлек, ерлер арасындағы қатерлі ісік ауруынан зардап шегетіндер қарасының көбеюін де бірыңғайда тестостерон деңгейінің төмендеуінен көріп отыр.

Қажет мәлімет:

Тестостерон – ер адамның ағзасындағы маңызды гормондардың бірі. Гормон аталық безде және бүйрек үсті безінің қыртысында түзіледі. Бұл гормонның ең маңызды артықшылығы ер адам бойына күш береді. 

0 пікір
Мұрағат